-
Иран Тәжікстанда инженерлік-техникалық қызметті арттыруға келісті
Қаз 28, 2021 13:33Иранның Энергетика министрі Теһран мен Душанбенің инженерлік-техникалық қызмет көрсетуді арттыруға келіскенін айтып: "Иран мен Тәжікстан арасында ирандық компаниялардың осы елде электр стансаларын салу саласында белсенділігін арттыру жайлы жақсы келісімдер жасалды",-деді.
-
Ауғанстан мəселесін шешудің жалғыз жолы - барлық топ өкілдерінің қатысуымен үкімет құру
Қаз 28, 2021 12:35Ауғанстанға көршілес елдердің Сыртқы істер министрлері Теһран отырысының соңында ортақ мəлімдеме жасап: "Ауғанстан мəселесін шешудің жалғыз жолы - барлық топ өкілдерінің қатысуымен бүкілхалықтық саяси құрылым құру",-деді.
-
Теһран-Ашхабад қарым-қатынасын кеңейту мүмкіндік қазіргі деңгейден әлдеқайда жоғары
Қаз 27, 2021 16:05ИИР Президенті сейсенбі күні Теһранда Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесуінде екі елдің жоғары лауазымды тұлғаларының екіжақты қарым-қатынастар деңгейін одан әрі кеңейтуге деген шынайы ерік-жігеріне тоқтала отырып: «Екіжақты қарым-қатынастарды нығайту Иран мен Түркіменстанның аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін сындарлы аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа себеп болуы мүмкін»,- деді.
-
Иран-Тәжікстан қарым-қатынасында жаңа кезең басталды
Қаз 27, 2021 15:39ИИР Президенті сейсенбі күні Теһранда Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддинмен кездесуінде екі ел мен екі халықтың тарихи, діни және мәдени ортақтығы терең екеніне тоқталып: «Бұл мүмкіндіктер қарым-қатынастарды одан сайын жақындату мен ынтымақтастықты нығайту үшін пайдаланылуы керек»,- деді.
-
Көршілес елдердің қауіпсіздігі Ауғанстанның қауіпсіздігімен байланысты
Қаз 27, 2021 15:14ИИР Вице-президенті көршілес елдердің қауіпсіздігі Ауғанстанның қауіпсіздігімен байланысты екенін қуаттады.
-
Амир Абдуллахиан: Біз халықаралық қауымдастыққа ортақ үндеу жолдаймыз деп үміттіміз
Қаз 27, 2021 13:33Иран Сыртқы істер министрі: «Біз Ауғанстанмен көршілес елдер сыртқы істер министрлерінің кездесуінде халықаралық қауымдастық пен аймақ елдеріне мен Ауғанстанның ішіне ортақ үндеу жібере аламыз деп үміттенеміз»,- деді.
-
Иран Өзбекстанмен қарым-қатынасты дамытуға ешқандай шектеу қоймайды
Қаз 27, 2021 13:06ИИР Президенті сейсенбі күні Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен Теһрандағы кездесуінде екі елдің қарым-қатынасын туысқандық және кеңейіп келудедеп бағалап: «Иран Өзбекстанмен түрлі саяси, экономикалық және мәдени салалардағы қарым-қатынастарды дамытуға ешқандай шектеу қоймайды»,- деді.
-
Раиси: Иран Пәкістанмен экономикалық және қауіпсіздік қатынастарын арттыруда ешқандай шектеу қоймайды
Қаз 27, 2021 12:37ИИР Президенті сейсенбі күні Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмудпен кездесуінде Иранның Пәкістанмен экономикалық және қауіпсіздік қатынастарын арттыруда ешқандай шектеулерінің жоқтығын қуаттап, екі ел арасындағы экономикалық және саяси делегациялардың алмасуы ынтымақтастықты дамытуға көмектесетініне тоқталды.
-
Дубайдағы көрмеде Иранның жаңа стенді ашылды
Қаз 27, 2021 11:44Дубайдағы Expo 2020 көрмесінде кеше Иранның жаңа стенді ашылды және келушілер стенд өнімдерімен танысуда.
-
Ирандағы адам құқығы жағдайы туралы есеп – саяси мақсатты біржақты есеп
Қаз 26, 2021 19:07Адам құқығы Иран сияқты тәуелсіз және дамушы елдерге қысым көрсететін саяси құралға айналды