-
Лаңкестердің позицияларына жасалатын шабуылдар мағыналы жолдауға ие
Қыр 13, 2018 10:11Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дивизия генералы Мұхаммадәли Джафари сәрсенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Ирактың солтүстігіндегі лаңкестердің позицияларының нысанаға алынуының барлық дұшпандарға, әсіресе әртүрлі технологиялары мен күш-қуатына сүйеніп, Иран халқы мен елін қорқытып, өздерінің зорлықшыл сұрқия мақсаттарын Иран халқына таңуды ойлайтын алпауыттар үшін мағыналы жолдауы бар",-деді.
-
Иран Жапонияда компьютерден өткен халықаралық олимпиадада 4 медаль алды
Қыр 12, 2018 12:2630-шы Халықаралық компьютер олимпиадасы әлемнің 85 мемлекетінен келген 300-ден астам оқушының қатысуымен тамыздың 30-нан қыркүйектің 8-не дейін Жапонияның Ибараки аймағында өтті.
-
Мешхед қаласындағы имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесінің үстінде қара ту көтерілді
Қыр 11, 2018 12:49Мухаррам айының және шиіттер әлемінің үшінші имамы Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуының жылдығына қатысты аза кезеңнің басталуына қатысты Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласындағы имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесінің үстіндегі жасыл ту мен зарихтың үстіне жабылған мата аза күндерін білдіретін қара түсті ту мен матаға ауыстырылды.
-
Қасеми: Иран өзінің қауіпсіздігі туралы келіссөз жүргізбейді
Қыр 11, 2018 12:43Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні Ирактың солтүстігіндегі лаңкестердің позицияларына жасалған зымырандық шабуыл туралы сұрақтарға: "Мұндай жауап қайтару Иранның таңдауы болмаған, бірақ лаңкестердің әрекеттері, әсіресе ирандық шекарашылар мен әскерилерді өлтіруі ИИР қарулы күштерін қарымта жауап қайтаруға мәжбүрледі",- деп жауап берді.
-
Ираннан Пәкістанға темір жол арқылы тауар экспорты 50 пайыздан асты
Қыр 10, 2018 17:49Иранның Оңтүстік-шығыс темір жол компаниясының бас директоры Иранның Захедан қаласынан Пәкістанға темір жол арқылы тауар экспортының соңғы 5 айда 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 52 пайызға өскенін хабарлады.
-
Иран – Батыс Азия аймағында медициналық туризмнің орталығы
Қыр 10, 2018 12:05Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шығыс Жерорта теңізі мәселелері жөніндегі директоры Иранның денсаулық сақтау саласындағы шараларына ризалық білдіріп: "Иран аймақта медициналық туризмнің орталығы саналады. Ирандағы емдеу орталықтары, медициналық университеттер, ауруханалар мен емдік қызмет көрсету орталықтары инфекциялық емес ауруларды емдеу саласында денсаулық сақтау және емдеу қызметтерін дамытуға күш салып жатыр",- деді.
-
Джон Керри Трамптың Иранға қарсы саясаттарын тағы сынады
Қыр 10, 2018 11:06АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы жексенбі күні CNN арнасына берген сұхбатында бұл елдің қазіргі үкіметінің Иранға қарсы саясаттарын қауіпті деп сипаттап: "Дональд Трамп "АҚШ-қа сенім артуға болмайды" деп айтқан адамдардың рас айтқанын дәлелдеді",- деді.
-
Сардар Вахиди: Ирандық "С-300" жүйесінің ресейлік эквивалентінен дәлдігі жоғары
Қыр 09, 2018 17:23Иранның қорғаныс өнеркәсібінің мамандары алты жылға жетпейтін уақыт ішінде ресейлік С-300 жүйесімен салыстырғанда дәлдігі жоғары жергілікті "С-300" зымырандық жүйесін жасап шығарды.
-
Иран Қорғаныс министрінің Бейжіңдегі келіссөздері – әскери-экономикалық ынтымақтастықты қуаттау
Қыр 09, 2018 12:39Иран Қорғаныс министрі бригада генералы Амир Хатами қытайлық әріптесінің шақыруымен әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Бейжіңге сапар шекті. Ол осы қалада Қытай Қорғаныс министрі Вей Фынгимен кездесіп, аймақтық тақырыптар және әскери-қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастық төңірегінде пікір алмасты.
-
Ансаролла қозғалысы: Йеменде ирандық әскери күш жоқ
Қыр 09, 2018 10:29Йеменнің Ансаролла қозғалысы саяси бюросының мүшесі Мұхаммад әл-Бахити сенбі күні саудиялық басқыншы коалицияның ирандық күштердің Йеменде жүргені туралы уәждерін негізсіз деп атап, тағылған айыптардың шындыққа жанаспайтынын айтты.