-
АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты оқшау қалды
Там 16, 2018 12:17ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты оқшаулығы басқа ешбір салада осыншалықты айқын болмағанын айтты.
-
Зариф: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция Иранның мүддесіне сай
Там 16, 2018 11:13ИИР Сыртқы істер министрі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның Иранның аумақтық тұтастығын сақтап қана қоймай, осы аймақтағы көршілес елдермен достық қарым-қатынас орнатып, оны жалғастыруға да септігін тигізетінін баса айтты.
-
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстандағы лаңкестік шабуылды айыптады
Там 16, 2018 10:58ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні кешке Кабулдың батысында болған лаңкестік шабуылды айыптап, Ауғанстан үкіметі, халқына және лаңкестік қылмыста құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтты. Осы шабуыл салдарынан көптеген адам қаза тауып, жараланды.
-
Германиялық компания Иранда қалатынын мәлімдеді
Там 16, 2018 10:38Ирандағы қайта қалпына келетін қуат көздері саласына осы уақытқа дейін 27 млн доллар инвестиция салған германиялық "Дориан" компаниясының бас директоры: "Бір адамның жеке шешіміне қарсы тұру керек. Сол себепті бұл компания санкцияларға бола Ираннан кетпейді",-деп қуаттады.
-
Иран мен Арменияның нанотехнология саласындағы әріптестігін дамыту қажеттігі қуатталды
Там 15, 2018 17:41ИИР-ның Еревандағы елшісі мен Арменияның Ғылым және білім министрі әртүрлі салаларда, соның ішінде нанотехнология саласында екіжақты әріптестікті дамыту қажеттігін қуаттады.
-
Иран Таяу Шығыста спутниктік навигация тұрғысынан екінші орын алды
Там 15, 2018 17:34Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті аппаратының ғылым және технология бөлімінің Ұлттық ғарыш орталығының басшысы Манучехр Мантеқи Иранның Таяу Шығыс аймағында спутниктік навигация тұрысынан екінші орын алғанын хабарлап:
-
Каспий теңізінің құқықтық режимінде Иранның мүдделерінің сақталу қажеттігі қуатталды
Там 15, 2018 17:23Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының баспасөз өкілі Әли Наджафи Хошруди IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы конвенциясына қарсы кеңістік тудыру әрекеттеріне тоқталып: "Каспий теңізі маңындағы елдер бұл теңізге қатысты түрлі құжаттармен алмасты. Алайда Каспий теңізінің құқықтық режимі мәселесі қайшылық тудырғандықтан бұл тақырып әлі шешімін тапқан жоқ.
-
Мариям Мирзаханидің туған күні "Әйелдердің математикадағы халықаралық күні" аталды
Там 14, 2018 16:05Халықаралық математика одағы Иранның Математика қауымдастығының Әйелдер комитетінің ұсынысымен мамырдың үшін "Әйелдердің математикадағы халықаралық күні" деп атады.
-
Қытайдың сауда пойызы Инче Бурун темір жолы арқылы Иранға келді
Там 14, 2018 09:35Қытайдың сегізінші сауда пойызы Қазақстан-Түркіменстан темір жолы арқылы Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысының Инче Бурун стансасына келіп жетті.
-
Еуропа "Ортақ қадам" келісімі мен Иранмен сауда-саттықты жалғастыруды қолдап отыр
Там 13, 2018 10:02Reuters ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Германияның Экономика министрі Петер Альтмайер Еуропаның АҚШ-тың Иранға қатысты қысымдарының алдында мойынсұнбайтынын мәлімдеп: "Еуропа Вашингтонға қандай елмен сауда-саттық жасау туралы нұсқау беруіне рұқсат бермейді. Сондықтан Еуропа Венада бекітілген ядролық келісімге берік болып қалады.