-
Теһран әл-Қаиданы әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қатер санайды
Шіл 07, 2018 17:21Исламабадтағы Иран елшілігі кейбір пәкістандық ақпарат құралдарының «Иран әл-Қаида лаңкестік тобымен қарым-қатынаста» деген уәждеріне реакция білдіріп: " Теһран әл-Қаиданы әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қатер санайды",- деп қуаттады.
-
Басып-жаныштаушы режимдердің АҚШ-пен үндестігі өткеннен сабақ алуды қажет етеді
Шіл 07, 2018 16:47АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы айларда Иранмен жауластық тәсілдерін айқынырақ көрсетті. Трамп сауда-саттық, банк, мұнай экспорты салаларына біржақты санкцияларын таңып, Иранға қарсы аймақтық әскери коалициялар құру арқылы аймақтық және халықаралық деңгейдегі дұшпандық мақсаттарын жүзеге асыруды көздеп отыр.
-
Лавров: Иран "Ортақ қадамнан" шықпайды
Шіл 07, 2018 14:41Ресей СІМ Мәскеудің Иранның ядролық келісімнен шықпайтындығына сенімді екенін мәлімдеді.
-
Еуропаның үмітсіздік тудыратын ұсыныстарын сараптау
Шіл 06, 2018 18:57ИИР Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған Иран мен басқа елдердің Сыртқы істер министрлерінің Венада өтетін отырысы қарсаңында Германия Канцлері және Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін Иранға жасаған ұсыныстар пакетін үмітсіздік тудыратын ұсыныстар деп атады.
-
Трамптың «твиттері" аяқталмайды
Шіл 06, 2018 16:51ОПЕК-тегі Иранның өкілі АҚШ Президентінің жаңа «твиттеріне» реакция білдіріп, Трамптың соңы жоқ арсыз «твиттерлерімен» шикі мұнайдың әлемдік бағасының 10 долларға артқанын айтты.
-
"Ортақ қадамның" сақталуы еуропалықтардың іс жүзіндегі жауапкершілігіне байланысты
Шіл 05, 2018 13:24Иран президенті Хасан Рухани Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) бас директоры Юкия Аманомен Венада кездесуінде: "Егер "Ортақ қадамға" сәйкес өз халқымыздың құқықтарына қол жеткізе алмасақ, кез келген жағдайда басқа шешім қабылдаймыз",- деді.
-
Аятолла Джаннати: Йемен халқын қыруды қолдауы – америкалық "адам құқығының" белгісі
Шіл 04, 2018 18:06Иран Конституциясы Сақшылар кеңесінің хатшысы Американың әл-Сауд режимінің Йеменнің қорғансыз, мазлұм халқын қыруына қолдау көрсетуін америкалықтардың "адам құқығының" белгісі деп атады.
-
Кабулдағы Иран елшілігі «Иран талибандарды жаттығудан өткізеді» деген уәждерге реакция білдірді
Шіл 04, 2018 15:18Ауғанстандағы Иран елшілігі кейбір батыс ақпарат құралдарының «Иран талибандарды жаттығудан өткізеді» деген уәждерін негізсіз деп атап, оны теріске шығарды.
-
Америка Иранмен сауда байланыстарына кедергі келтіру үшін күш салуда
Шіл 04, 2018 14:30Америка Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы осы елдің Иранға қарсы әрекеттерінің жалғасында Вашингтонның Бейжіңнің Теһранмен сауда байланыстарын тоқтату үшін күш салып жатқанын хабарлады.
-
Иран мен Швейцария қарым-қатынастарын дамыту жолдарын қарастыруда
Шіл 03, 2018 18:21Иран мен Швейцария Президенттері дүйсенбі күні екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты.