-
Қажылық: жетекші көзқарасы
Шіл 31, 2017 17:28Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи кеше жексенбі күні таңертең биылғы жылғы қажылыққа жауапты басшылар мен осы іске қатысты адамдармен кездесуде қажылықты ислам үмбеті қабылдайтын тақырыптар бойынша ұстанымдарды жариялау үшін мүмкіндік деп атады.
-
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің құзырында имам Резаның қасиетті кесенесін тазалау рәсімі өтті
Шіл 23, 2017 15:50«Ұлылық онкүндігі» қарсаңында, яғни бүгін, жексенбі күні ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің құзырында шиіттердің сегізінші имамы Әли Бен Мұса ар-Резаның қасиетті кесенесін тазалау рәсімі өтті.
-
Қарулы күштердің Бас қолбасшысы Сақшылар корпусына лаңкестердің позицияларына зымыранмен шабуыл жасағаны үшін алғыс айтты
Шіл 06, 2017 10:44Жоғары бас қолбасшы Ислам революциясы Сақшылар корпусының маусымның он сегізі ДАИШ лаңкестерінің Сирияның Дейр аз-Зурдегі базаларына зымырандық шабуыл жасағаннан кейін бірнеше сағаттан соң өткен Сақшылар корпусының бір топ қолбасшыларын қабылдауында бұл революциялық органның зымырандық саладағы талпыныстары үшін алғыс білдірді.
-
Аятолла Хаменеидің Ораза айт намазында сөйлеген сөзі
Шіл 04, 2017 12:17Ислам революциясының жетекшісі Ораза айт намазының бірінші құтпасында рухани және ахлақтық мазмұнда насихат айтып, екінші құтпасында ислам үмбетінің ең маңызды мәселелеріне тоқталды.
-
Діни жетекші: Сионистік режиммен күрес – ислам әлемі үшін уәжіп
Маусым 27, 2017 16:49Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні ел басшылары, халықтың әртүрлі таптары және исламдық елдер басшыларымен Теһрандағы кездесуінде Палестина мәселесін маңызсыз етіп көрсету мен ұмыттыруды үлкен қатер деп атап:
-
Сионистік режиммен күрес – үстемшілдік және басқыншы жүйемен күрес
Маусым 22, 2017 11:31Ислам революциясының жетекшісі әлемдік Құдс күнін өте маңызды күн деп атап: "Бұл қадірлі күн тек мазлұм халыққа қолдау көрсетуді мәлімдеу ғана емес, сондай-ақ үстемшілдік пен әлемдік үстемшілермен күресу дегенді білдіреді",-деп баса айтты.
-
Революция жетекшісі шәһид болған шекарашылар мен кесенені қорғаушылардың отбасыларымен кездесті
Маусым 19, 2017 08:13Ислам революциясының жетекшісі шәһид болған кесененің қорғаушылары мен шекарашылардың отбасыларын қабылдауында: "Ислам Республикасы бар айбынымен табандылық көрсетіп, Иран халқы дұшпандарға тойтарыс береді",- деді.
-
Діни жетекшінің имам Хомейнидің қайтыс болуының 28-шы жылдығында сөйлеген сөзі
Маусым 12, 2017 12:49Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өткен жексенбі, маусым айының 4 күні Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаған имам Хомейнидің қайтыс болуының 28 жылдығына қатысты шараға жиналған халықтың алдында сөз сөйледі.
-
Теһрандағы лаңкестік шабуыл Иран халқының жігерін мұқалта алмайды
Маусым 10, 2017 10:04Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жуырдағы Теһрандағы лаңкестік әрекеттерге байланысты көңіл айтқан жолдауында: "Бұл қылмыстар Иран халқының жігерін мұқалта алмайды",- деп қуаттады.
-
Лаңкестердің Иран халқының ерік-жігеріне әсер етуге шамалары келмейді
Маусым 08, 2017 12:56Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні кешке студенттермен кездесуінде Теһрандағы лаңкестік шабуылдарға тоқталып: "Мұндай оқиғалар Иран халқы мен басшыларының ерік-жігеріне еш зиянын тигізе алмайды",- деді.