-
Centcom: Йеменнен Қызыл теңізге екі баллистикалық зымырана атылды
Қаң 03, 2024 16:04АҚШ-тың Орталық қолбасшылық орталығы сейсенбі күні кешке йемендіктердің Қызыл теңіздің оңтүстігіне қарай кемеге қарсы екі баллистикалық зымыранды атқылағанын хабарлады.
-
Амирабдуллахиан: Иран әрқашан Йемен халқының еркін қолдайды
Қаң 02, 2024 14:27ИИР Сыртқы істер министрі Теһрандағы Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің келіссөздер тобының басшысы Мұхаммад Абдул Саламмен кездесуінде Иранның әрқашан Йемен халқының ерік-жігерін қолдайиынын қуаттады.
-
Иранның «Альборз» эсминеці Қызыл теңізге кірді
Қаң 02, 2024 13:50Иранның «Альборз» эсминеці Баб әл-Мандаб бұғазынан өткеннен кейін Қызыл теңізге кірді.
-
Қалибаф: АҚШ – Газадағы соғысқа басты жауапты
Қаң 01, 2024 18:36Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Йемен Ансаролла партиясының баспасөз өкілімен кездесуінде: "Егер АҚШ-тың қолдауы болмаса, сионистік режим "әл-Ақса дауылы" операциясының алғашқы соққысына төзе алмас еді",-деді.
-
Йеменнің Америкаға ескертуі: Біз толық әскери дайындықтамыз
Жел 30, 2023 13:20Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхья Сари кеше, желтоқсанның 29-ы күні түнде АҚШ пен Санаға қарсы теңіз коалициясына қатысушы елдерге ескерту жасап, шиеленістің ушығуының салдары үшін Вашингтонды айыптады.
-
Йемендіктер Саадада Газаны қолдау үшін үлкен шеру өткізді
Жел 29, 2023 17:56Йеменнің солтүстігіндегі Саада облысында «Жеңіске жеткенше біз сенімен біргеміз және Америка бізді тоқтата алмайды» деген тақырыппен үлкен шеру өтті
-
АҚШ Иранды айыптау арқылы Йеменге қарсы санкция салды
Жел 29, 2023 12:48АҚШ «Иранның Йеменге көмегін беруді жеңілдетуі» үшін бір тұлға мен мекемеге санкция салды.
-
Ансаролла: АҚШ-тың Қызыл теңізді қауіпті деп көрсетуге бағыттаған талпыныстары сәтсіздікке ұшырады
Жел 28, 2023 15:31Йеменнің Ансаролла қозғалысының баспасөз өкілі бейсенбі күні: "АҚШ-тың Қызыл теңізді қауіпті деп көрсетуге бағыттаған талпыныстары сәтсіздікке ұшырады. Оның Йеменге қарсы теңіз коалициясы заңсыз болғандықтан қолдау таппады",-деді.
-
Қызыл теңізде жаңа оқиға
Жел 26, 2023 14:20Британ теңіз сауда орталығы Йеменнің батысындағы Ходейдадан 50 теңіз миль қашықтықта оқиға туралы хабар алғанын хабарлады
-
АҚШ Қызыл теңізде екі танкерге дрондық шабуыл жасалғанын хабарлады
Жел 24, 2023 16:11АҚШ-тың орталық басқармасы: "Үндістанның туымен жүрген габондық танкер мен Норвегияның туымен жүрген басқа бір танкер йемендік дрондардың шабуылына ұшырады",-деп мәлімдеді.