-
Зариф: Иран Палестина халқының қарсыласуын қолдайды
Сәу 04, 2018 16:06Иран СІМ бүгін таңертең Палестина Исламдық Қарсыласу қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Һаниемен телефон арқылы сұхбатта Палестинаның мазлұм халқына, әсіресе Газа аймағының қорғансыз тұрғындарының сионистік режим тарапынан шәһид болуына байланысты көңіл айтып, ИИР-ның Палестина халқының қарсыласуын қолдайтынын қуаттады.
-
Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ұйымы сионистік режимнің қылмыстарын айыптады
Сәу 03, 2018 10:32Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ұйымының Бас хатшысы сионистік режимнің "Жер күні" палестиналық шерушілерге қарсы жасаған қылмыстарын айыптады.
-
АҚШ Израильге палестиналықтарды өлтіруге рұқсат берді
Сәу 01, 2018 14:28АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің "Ұлы қайтару" шеруін басып-жаныштауды айыптау туралы мәлімдеме жариялауға кедергі жасады. Қауіпсіздік кеңесі сенбі күні таңертең шеруге қатысты жайттарды қарастыру мақсатында отырыс өткізіп, бұл шеруді басып-жаныштау әрекетін айыптайтын мәлімдеме шығаруды көздеген еді. Алайда АҚШ-тың наразылық білдіруі мен оның сионисттік режимді қорғауы мәлімдеменің қабылдануына тосқауыл болды.
-
Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігінде бір палестиналық жігіт шәһид болды
Нау 11, 2018 13:26Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі Наблус қаласының оңтүстігінде тұратын бір палестиналық жас жігіттің сенбі күні кешке Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігінде сионист әскерилердің оғынан шәһид болғанын хабарлады.
-
14-ші "Ашу-ыза күні" шеруінде бір палестиналық шәһид болып, онға жуық адам жараланды
Нау 10, 2018 11:39Палестинаның Қызыл жарты ай қоғамы жұма күні кешке сионистік әскерилердің Иорданның батыс жағалауы мен Газа секторындағы палестиналық шерушілерге жасаған шабуылы салдарынан бір палестиналық шәһид болып, 86 адамның жарақат алғанын хабарлады.
-
Макрон Құдсты Палестинаның астанасы ретінде тану қажеттігін қуаттады
Нау 08, 2018 13:55Франция Президенті Құдсты Палестинаның астанасы ретінде танитын кездің жеткенін айтты.
-
Рухани: Тұрақтылық қалыптастырушы Иран ешбір елге қатер төндірмейді
Нау 07, 2018 19:41ИИР-ның президенті Иранның қорғаныстық әлеуетін тежеуші, бейбітшілік пен аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту үшін деп атап, Иранның қару-жарағы мен зымыранын немесе қорғаныс негіздерін күшейтуіне ешкімнің алаңдамауы керектігін айтты.
-
Еуропа мен араб елдерінің министрлері Трамптың Құдсқа қатысты шешімінің қатерін қуаттады
Ақп 27, 2018 17:04Араб елдері министрлерінің делегациясы Брюссельде өздерінің еуропалық әріптестерімен АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру туралы пікір алмасты.
-
АҚШ-тың өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшірудің мерзімін белгілеу әрекеті айыпталды
Ақп 26, 2018 10:58Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының тұрақты хатшылығы АҚШ-тың өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру үшін мерзім белгілеу түріндегі арандатушы әрекетін айыптады.
-
Палестина – Ислам әлемінің басты мәселесі
Ақп 13, 2018 12:02Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастарының әлемдік конгресінің кеңесшілік отырысы Палестина мәселесін Ислам әлемінің басты мәселесі ретінде қуаттап, дүйсенбі күні Теһранда өз жұмысын аяқтады.