-
Түркия мен Сирияда зілзадан қаза тапқандар саны 21 мың адамнан асты
Ақп 10, 2023 17:20Түркия мен Сирияда зілзадан қаза тапқандар саны тағы да артты. Екі елдегі құрбандар саны 21 мыңнан асты. Осы арада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зілзаладан бетер шығын әкелуі мүмкін үлкен медициналық дағдарыс болатынын ескертті.
-
Иранның гуманитарлық көмегін тиеген алтыншы ұшақ Сирияға жетті
Ақп 10, 2023 15:35Иранның Сириядағы зілзаладан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмегін тиеген алтыншы ұшақ жұма күні таңертең Латакия әуежайына қонды.
-
Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысымен сұхбаттасты
Ақп 10, 2023 14:56Иран Сыртқы істер министрі мен БҰҰ Бас хатшысы аймақтық және халықаралық өзгерістер, соның ішінде Сирия мен Түркияда болған жойқын жер сілкінісі және санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздердің қазіргі жағдайы туралы сөйлесіп, пікір алмасты.
-
Каани Алеппода зілзаладан зардап шеккен аудандарды аралады
Ақп 09, 2023 14:05Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Исмаил Каани сәрсенбі күні түстен кейін Сирия халқына көмек беру жұмыстарын бақылау үшін елдің солтүстік-батысындағы Алеппо қаласына барды.
-
Ирандық құтқарушылар Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр
Ақп 09, 2023 13:30ИИР Қызыл жарты ай қоғамының құтқарушылары Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.
-
Иран Сирияда зілзаладан зардап шеккендерге гуманитарлық көмектің бесінші партиясын жіберді
Ақп 09, 2023 12:38Иранның Сирияда зілзаладан зардап шеккендерге жіберген гуманитарлық көмегінің бесінші партиясы Дамаскқа жетті.
-
Иран армиясы Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайындығын жариялады
Ақп 07, 2023 14:18Иран армиясы Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайындығын жариялады.
-
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 4300-ден астам адамға жетті
Ақп 07, 2023 14:16Түркияда болған 7,8 балдық жер сілкінісінің соңғы жаңартылған статистикасы бойынша Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 4300-ден асты.
-
Иранның алғашқы көмегі Дамаскіге жетті
Ақп 07, 2023 14:15Сирия ақпарат құралдары жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмегін тасымалдаған ИИР алғашқы ұшағының Сирияға келгенін хабарлады.
-
Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 350 адамға жетті
Ақп 06, 2023 15:20Сирияның Қызыл жарты ай қоғамының директоры Халед Араксуси: "Елде болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 350 адамға жетті. Бізге құрал-жабдықтар жетіспейді. Бірінші кезекте үйіндінің астында қалған адамдарды құтқаруға күш саламыз. Ауруханаларда дәрі-дәрмек пен жанармай жетіспейді",-деді.