Pars Today
ИИР Президенті Иран халқының ұлты ерік-жігер соғысында жеңіске жетіп, Ақ үй басшыларын соғыс және барынша қысым көрсету саясатында жеңіліске ұшырағанын мойындатқанын қуаттады.
ИИР Президенті АҚШ үкіметінің Иранға қысым мен санкциялардың жеңіліс тапқанын мойындауын халқымыз үшін үлкен жетістік деп атады.
ИИР Президенті: «Иран халқы қарсыласуы және бірлігімен озбырлық пен отаршылдықты жеңді»,- деді.
Иран Президенті елдің қазір сырттан таңылған экономикалық соғыс жағдайында екенін айтып: «Иран халқына 42 жылдық сабырлық, табандылық, төзімділік, жасампаздық пен қорғаныс үшін алғыс айтуымыз керек»,-деді.
ИИР Президенті Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуының шартын АҚШ пен Еуропаның өз міндеттемелерін орындауы деп атады.
Иран Президенті елдің еркін аймақтарына салынған шетелдік инвестицияның 56 пайызға артуын экономикалық лаңкестік пен барынша қысымның жеңіліс тапқанын білдіретінін айтты.
ИИР Президенті: «АҚШ-тағы Дональд Трамп бидігінің ұят пен жанжалмен аяқталуы бұзақылық, нәсілшілдік және заң бұзушылықтың жақсы аяқталмайтынын көрсетті»,- деді.
ИИР Президенті Иран халқының шетелдік вакциналарды тексеретін құрал емес екенін қуаттады.
ИИР Президенті шәһид Солейманиге арналған марканы көрсетті.
ИИР Президенті: «Сардар Солеймани – ұлттық қаһарман және мұсылман халықтардың мақтанышы»,- деді.