-
Исфахан халықаралық әуежайында жолаушылардың дене қызуы тексерілуде
Нау 10, 2020 11:10Коронавирустың таралуының алдын алу үшін Исфахан қаласының шәһид Беһешти атындағы халықаралық әуежайында жолаушылардың дене қызуы тексерілуде. Сондай-ақ бұл халықаралық әуежайда күнделікті ұшу терминалдарын, әуежай жабдықтары мен ұшақтарды дезинфекциялау жұмыстар іске асырылуда.
-
АҚШ халқы коронавирус таралғаннан бері дүкендерге асығуда
Нау 10, 2020 11:00Адамдар су, дезинфекциялық заттар мен медициналық қолғаптар сатып алу үшін дүкендерге асыға баруда.
-
Коронавируске шалдыққан ауруларды емдеу үшін Рашт қаласында далалық аурухана салынды
Нау 10, 2020 10:50Ислам революциясы Сақшылар корпусы Рашт қаласының Рази ауруханасының қасына коронавируске шалдыққан науқастарды емдеу үшін 80 төсектік жылжымалы далалық госпиталь салды. Ислам революциясы Сақшылар корпусының жылжымалы далалық ауруханасы 120 ауруды қамтамасыз ететін мүмкіндікке ие.
-
Трамп коронавирустың таралуы жөніндегі ескертулерге қарамастан жақтастарымен қол беріп амандасты
Нау 10, 2020 10:31АҚШ-та Сovid-19 вирусының жылдамдықпен таралуы кезінде бұл елдің Президенті Дональд Трамп өз сөздері және ұстанымдарымен бұл мәселені маңызды емес әрі бақылауға алынған деп көрсетуге талпынуда. АҚШ ақпарат құралдары кеше, дүйсенбі күні Флоридада Трамптың жақтастарына жақындап, олардың біразымен қол алып амандасқаны туралы видеоны таратты.
-
Ислам революциясы жетекшісі имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде сөз сөйлемейтін болды
Нау 10, 2020 10:22Ислам революциясы жетекшісі жыл сайын Жаңа жылдың бірінші күнінде имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде сөйлейтін сөзін коронавирустың таралуының алдын алу денсаулық сақтау ұсыныстарға байланысты сөйлемейтін болды.
-
Иранда коронавирусқа шалдыққан 2400-ге жуық адам сауықты
Нау 09, 2020 19:12Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы уақытқа дейін Иранда коронавирусқа шалдыққан 2394 адам жазылып, ауруханалардан шығарылды»,-деп мәлімдеді.
-
АҚШ-та коронавирус таралып жатыр
Нау 09, 2020 19:05АҚШ-та коронавирус таралып, ел Президенті Дональд Трамптың бұл туралы уақытында хабар бермеуі және тиісті шаралар атқармауы көптеген сын тудырды.
-
Қытайда коронавирусқа шалдыққандар орналастырылған бір қонақ үй қирады
Нау 09, 2020 14:59Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан Гуанчжоу портты қаласында бір қонақ үйдің ғимараты қирап, соның салдарынан 10 адам қаза тапты. Бұл қонақ үй вирус жұқтырғандарды карантинге жатқызатын жер болған. Қауіпсіздік және медициналық органдар үйінді астынан 34 адамның құтқарылғанын, 70-ке жуық адамның іздестіріліп жатқанын хабарлады.
-
Иранда коронавирус жұқтырғандардың 2100-ден астамы жазылды
Нау 08, 2020 18:42Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы уақытқа дейін Иранда коронавирус жұқтырғандардың 2100-ден астамы жазылып, ауруханадан шығарылды»,-деп мәлімдеді.
-
Коронавирус өршіп тұрған кезде АҚШ Иранға қарсы медициналық лаңкестік жасауға кірісті
Нау 08, 2020 18:31Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық терроризмі медициналық лаңкестікпен қосылған кезде бұдан былай әлем үнсіз қала алмайды»,-деді.