Там 15, 2019 23:00
Кеше Иранның батысындағы Санандадж қаласында әлемнің түкпір түкпірінен келген мыңдаған тамбуриншінің қатысуымен «Тамбурин – рақымшылық әуені» атты тоғызыншы халықаралық фестиваль басталды. Тамбурин – Иран музыкасындағы ұрмалы аспаптардың бірі. Бұл музыкалық аспап бетіне жұқа тері тартылған дөңгелек ағаштан тұрады, саусақпен соғу арқылы ойналады.