Pars Today
"Иә Әлиу, иә Азим" дүғасы - қасиетті Рамазан айында әр парыз намазынан кейін оқылатын дұға.
"Аллаһума адхел ..." - Рамазан айында күнделікті намаздардан кейін оқылатын дұғалардың бірі.
Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің рақымдылығың мен мейіріміңе бөлеп, табысқа жеткізіп, тыйым салып, жүрегімді жаланың қаралығынан тазарта гөр, уа, иманды құлдарының мейірімді Құдайы!
Уа, Алла! Осы күні менің мұстахаб істерімнің сауабын көбейтіп, менің хақыма жататын мәселелерді шешуге көмектес. Өзің жаққа жететін құралдардың арасындағы құралымды жақындат, уа, табандылардың табандысы!
Уа, Алла! Бұл күні маған қадір түнінің берекесін нәсіп етіп, барлық істерім мен қиыншылықтарымды жеңілдете гөр. Тәубамды қабыл етіп, күнәларымды кешір, уа, өзінің лайықты құлдарына мейірімді Құдай!
Уа, Алла! Бұл күні менің істерім мен талпыныстарымды қабыл ете гөр! Осы айда күнәларымды кешіріп, ғамалдарымды қабылдап, кемшіліктерімді жасыра гөр, уа, дұғаларымызды естуші!
Уа, Алла! Осы күні мені достарыңның қатарына қосып, дұшпандарыңның дұшпанына айналдыр. Соңғы пайғамбарыңның ізбасарларының қатарына қос, уа, пайғамбарлардың жүректерін нұрландырушы!
Уа, Алла! Бүгін Сенен Өзіңді риза ететін нәрсені сұрап, сені наразы ететін нәрседен өзіңді паналаймын. Өзіңе бағынуда табысты етіп, саған бағынбаушылық танытпаудан құтқар. Уа, мұқтаждардың Қолдаушысы!
Уа, Алла! Осы айда менің күнәларымды жуып, кемшіліктерімді жоя гөр.Жүрегімді тақуалықпен сына, уа, күнәһарлардың қателіктеріне көзжұмбайлық танытушы!
Уа, Алла! Осы күні маған Өз даналықтарыңның есіктерін ашып, берекеңді бере гөр! Мені Өзіңнің ризашылығыңның себебі етіп, жәннаттың ортасынан орын бер, уа, құлдарының талап-тілектері мен дұғаларын орындаушы!