-
Нахчиван Автономиялық республикасы мәжілісінің төрағасы Иран Сыртқы істер министрімен кездесті
Жел 17, 2017 18:09Иран Сыртқы істер министрі Иранның Әзірбайжан республикасының әртүрлі аймақтарымен қарым-қатынасын кеңейтуді қолдайтынын мәлімдеді.
-
Зариф Әзірбайжанға келді
Жел 01, 2017 15:03ИИР Сыртқы істер министрі жұма күні таңертең "Азия жүрегі" конференциясына қатысу үшін Бакуге келді.
-
Иран Сыртқы істер министрі Италияға сапармен барды
Қар 30, 2017 18:19Иран Сыртқы істер министрі "Жерорта теңізі диалогі" атты үшінші халықаралық конференцияға қатысу үшін Италияның астанасы Рим қаласына барды.
-
Әзірбайжан Республикасы мен Иран темір жол желісінің құрылысы туралы келісімге келді
Қар 16, 2017 18:20Әзірбайжан республикасының Темір жолдарының басшысы осы ел мен ИИР арасында "Решт-Астара" бағытында темір жол желісінің құрылысы туралы құны 500 миллион долларды құрайтын келісімге қол қойылғанын хабарлады.
-
Рухани: Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасы Азияны Еуропаға қосуды мақсат тұтады
Қар 02, 2017 11:07ИИР Президенті сәрсенбі күні кешке Теһранда Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасы басшыларының үшжақты ортақ баспасөз конференциясында үш елдің екіжақты және аймақтық мәселелер бойынша ауқымды келісімдер жасағанын хабарлап: «Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасының мақсаты – тату көршілестікке негізделген жақын байланыс орнатып, үш елдің әлеуеттерін пайдалану»,-деді.
-
Рухани: Теһран мен Бакудің ерік-жігері жан-жақты серіктестіктерді нығайтып, тереңдетуге бағытталған
Қар 01, 2017 18:14ИИР-ның президенті Теһран мен Бакудің байланыстарын даму үстінде деп бағалап: «Иран мен Әзірбайжан республикасының ерік-жігері байланыстары мен ынтымақтастықтарын жан-жақты нығайтып, тереңдетуге бағытталған» деп қуаттады.
-
Ертең Теһранда Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасының екінші саммиты басталады
Қаз 31, 2017 17:51Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасы басшыларының үш жақты екінші саммитының ертең Теһранда басталатынын хабарлады.
-
Бакуда Каспий жағалауы елдерінің төтенше жағдайлар бойынша ортақ оқу-жаттығулары өтеді
Қаз 29, 2017 06:26Әзірбайжан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі төтенше жағдайлар бойынша ортақ оқу-жаттығулардың қараша айының 1-2 күндері Бакуде өтетінін хабарлады.
-
Алиев: Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы келісімдердің нәтижелері көріне бастады
Қаз 28, 2017 11:59Әзірбайжан Республикасының президенті Теһран мен Баку арасындағы тауар айналымы көлемінің айтарлықтай өсуіне тоқталып: "Бұл көрсеткіштің артуы Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасында жасалған барлық келісімдердің жүзеге асырылып, өз жемісін бере бастағанын дәлелдеп отыр",- деп баса айтты.
-
Владимир Путин алдағы сәрсенбі күні Теһранға сапармен келеді
Қаз 27, 2017 16:35Ресейдің Теһрандағы елшісі: "РФ президенті Владимир Путин 2017 жыл қарашаның бірі сәрсенбі күні Иран, Ресей және Әзірбайжан Республикасының үшжақты келіссөздеріне қатысу үшін Теһранға келеді",- деді.