-
Иран: Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері санкцияларды қару ретінде пайдаланудан аулақ болуы керек
Қыр 06, 2023 13:01Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерінен санкцияларды заңсыз біржақты әрекеттерін жасыру немесе Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібінде тұрған елдерге қарсы саяси мақсаттарын алға жылжыту қаруы ретінде пайдаланудан бас тартуды сұрады.
-
Канани: Сионистік режиммен ымыраға келу Палестина мақсатына кедергі тудырмайды
Қыр 06, 2023 10:20ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің Манамадағы елшілігінің жаңа штаб-пәтерінің ашылуына қатысты: «Исламдық мемлекеттердің қылмыскер сионистік жетекшілермен қол алысу аз ғана ымырашыл әрекеті Палестина халқының өз жерінің азаттығына ұмтылуына кедергі келтірмейді",- деді.
-
Амирабдуллахиан Арбағин рәсімі күндеріндегі Ирак үкіметі мен халқының қонақжайлылығын жоғары бағалады
Қыр 06, 2023 08:54Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан сейсенбі күні Ирактың Сыртқы істер министрі Фавад Хұсейнмен телефон арқылы сөйлесуінде Ирак үкіметі мен халқының ұлы Арбағин рәсімін өткізудегі көмегі, қарсы алуы және қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді және алғыс айтты.
-
Бүгін Арбағин күні; Исламдық Иран аза тұтуда
Қыр 06, 2023 07:50Исламдық Иран Имам Хұсейн (ғ.с.) мен оның адал серіктерінің шәһид болғанының 40-шы күні - Арбаин күні аза тұтуда.
-
Әлемдегі ең үлкен ортақ газ кен орны Оңтүстік Парстың 11-ші фазасынан газ өндіру басталды
Қыр 05, 2023 13:20Иран президенты Ибрахим Раиси бұл кезеңнің іске қосылуын елдің мұнай және газ өнеркәсібіндегі үлкен және ұзаққа созылатын қадам деп санап, былай деді: "Келісімшартқа қатысушы шетелдік компаниялар санкцияны сылтауратып, өз міндеттемелерінен бас тартты. Ел ең қатал санкцияларға ұшыраған кезде бұл жобаны білікті отандық мамандар жүзеге асырды".
-
Иранда швед тыңшысы қамауға алынды
Қыр 05, 2023 09:47Швеция үкіметі өз азаматының Иранда ұсталғанын растады, бірақ бұл адамның кім екені әлі жарияланған жоқ. Өткен жылы Барлау министрлігі Швеция азаматының тыңшылық жасағаны үшін ұсталғанын хабарлады. Ақпарат министрлігінің хабарлауынша, айыпталушының Иранға дейін басып алынған аумақтарға саяхаттаған.
-
Иранға Як 130 жаттығу ұшағы келді
Қыр 04, 2023 12:37Як 130 - ресейлік Якулов компаниясы әзірлеген және жасаған жетілдірілген оқу-жауынгерлік ұшағы. Ол Әскери-әуе күштері ұшқыштарының 4-ші буын әскери ұшақтармен ұшуды үйрену үшін оқу қажеттіліктерін қамтиды.
-
Раиси Иран мен Түркияның ынтымақтастық деңгейін жоғарылату керегін айтты
Қыр 04, 2023 10:50Иран Президенті Иран мен Түркияның тарихи-өркениеттік ортақтықтарына тоқталып: "Өзара ынтымақтастық деңгейі Ердоғанның жаңа президенттік кезеңінде одан ары жоғарылай түсіп, қос тараптың аймақтық және халықаралық әрекеттестігінің нығаюына ұласады",-деп үміт білдірді.
-
Иерусалим Пост: Иранда Як-130 ұшағының орналасуы – аймақта үлкен өзгерістің белгісі
Қыр 03, 2023 11:45Сионистік газеттің жазуынша, Иранда Як-130 ұшағының орналасуы – аймақта үлкен өзгерістің белгісі. Бұл Иранда әскери әлеуеттің артқанын көрсетеді. Ирандық ұшқыштар дамыған ұшақтарды жүргізуге үйренеді.
-
Ислам революциясының жетекшісі бір топ оқушылардың Арбағин шеруі туралы хатына жауап берді
Қыр 02, 2023 11:44Ислам революциясының жетекшісі бір топ студенттердің Арбағин шеруі туралы хатына берген жауабында: "Қасиетті Арбағин шеруі имам Хұсейннің (ғ.с.) мақсаты мен күресі туралы ойлануға мүмкіндік береді",- деп баса айтты.