Раиси Иран мен Түркияның ынтымақтастық деңгейін жоғарылату керегін айтты
(last modified Mon, 04 Sep 2023 08:20:13 GMT )
Қыр 04, 2023 14:20 Asia/Almaty
  • Раиси Иран мен Түркияның ынтымақтастық деңгейін жоғарылату керегін айтты

Иран Президенті Иран мен Түркияның тарихи-өркениеттік ортақтықтарына тоқталып: "Өзара ынтымақтастық деңгейі Ердоғанның жаңа президенттік кезеңінде одан ары жоғарылай түсіп, қос тараптың аймақтық және халықаралық әрекеттестігінің нығаюына ұласады",-деп үміт білдірді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Теһранда Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінде Түркияның аймақ қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылығына тоқталып, лаңкестікпен күресудің ең әсерлі шешім жолын аймақ елдерінің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрметпен қарау деп атап: "Әрбір үкімет өзінің аумақтық тұтастығын ұлттық егемендік негізінде басқарса, бұл қауіпсіздікке қарсы лаңкестік әрекеттердің алдын алу үшін ең жақсы жол болмақ",-деді.

Иран Президенті түрлі аймақтар, соның ішінде Кавказда бөгде елдердің күштерінің орналасуына қарсылық білдіру керегін айтып, мәселелерді аймақ елдерінің диалогы мен әріптестігі арқылы шешу қажеттігін баса айтты.  

Түркия Сыртқы істер министрі осы кездесуде екі елдің әріптестік деңгейін жоғарылату үшін қос тараптың басшылары көбірек көңіл бөліп, қолдау білдіруі керегін айтып, Ираннан Түркияның БРИКС-ке қосылуын қолдауды  сұрап, екі елдің аймақтық мәселелерді шешуде келіссөздер жүргізіп, әріптесуіне мүдделілік білдірді.   

Тегтер