-
Ливанның бұрынғы Премьер-министрі Рафиқ әл-Харириге қатысты сот отырысында Хизбуллаға тағылған айыптар теріске шығарылды
Там 19, 2020 14:14Ливанның бұрынғы Премьер-министрі Рафиқ әл-Харириге жасалған террорға қатысты істі қарастырған халықаралық сот 11 жылдан кейін өз үкімін шығарып, Сирия мен Ливан Хизбулласының осы террорға қатыстылығын теріске шығарды.
-
Палестиналық жұмысшылар жантүршігерліктей азапталуда
Там 19, 2020 10:16Әлеуметтік желілерде таралған мына есеңгірететін видеода көрсетілгендей, сионистік режимнің күштері әл-Халил қаласына жақын жердегі әскери бақылау бекетінде ұсталған палестиналық жұмысшыларды жантүршігерліктей азаптауда.
-
Түркия армиясының әскери көлігі Идлибте патруль жүргізу барысында жарылып кетті
Там 18, 2020 11:56Ресей мен Түркияның Сирияда 21-ші ортақ патруль жүргізуі барысында Анкараның әскери керуені белгісіз жарылғыш затқа тап болып, бір көлік жарылып кетті. Бұл туралы Ресейдің Сириядағы бітім орталығы хабарлады. Оқиғада ресейлік әскерилерге еш зарар келтірілмеді.
-
Бейруттегі жойқын жарылыстың ауқымы
Там 18, 2020 09:57Әуеден түсірілген видеода бірнеше күн бұрын Бейрутте болған жойқын жарылыстың ауқымы көрсетілген.
-
Ирактың әл-Анбар облысында АҚШ армиясының керуені жол шетіндегі тұзаққа түсіп, жарылып кетті
Там 17, 2020 13:30АҚШ армиясының логистикалық керуені Ирактың әл-Анбар облысында «Асһаб ул-Кәһф» қарсыласу тобының жол шетіне құрған жарылғыш тұзағына түсіп, жойылды.
-
Абу-Даби мен Тель-Авив келісімі сионистік режимнің жойылуын тездетеді
Там 16, 2020 15:41Сақшылар корпусы БАӘ мен сионистік режим арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісімді айыптап, оны стратегиялық қателік, тарихи ақымақтық және ислам үмбетінің денесіне қадалған улы қанжар деп атады.
-
«Қиянат» келісімінің қауіпсіздік саласындағы салдарлары
Там 16, 2020 13:18БАӘ мен сионистік режимнің дипломатиялық ресми байланыстарын қалыптастыру үшін жасаған сатқындық келісімінің қауіпсіздік саласында көптеген салдары болады.
-
Рамаллада БАӘ мен сионистік режим басшыларының суреттері өртелді
Там 16, 2020 11:51Палестиналық ашулы наразылар кеше сенбі күнгі кештегі Рамалладағы демонстрацияларда Абу-Дабидің тақмұрагері Мохаммад Бен Зайедтің, Сауд Арабиясының тақмұрагері Мохаммад Бен Салманның, сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудің, Фатх қозғалысының бөлінген мүшесі Мохаммад Дахланның және Америка президенті Дональд Трамптың суреттерін өртеп, аяқпен таптады.
-
Палестина елшісі БАӘ-нен кетті
Там 16, 2020 09:27Палестина елшісі БАӘ-нен кетті. Бұл туралы Tasnim News агенттігі хабарлады.
-
Зариф Ливанға іссапармен барды
Там 15, 2020 15:37Иран Сыртқы істер министрі Ливан Президентімен кездесуінде елдің барлық саяси тараптарының әріптестігі мен біртұтастығының арқасында Ливанның саяси кеңістігінде тұрақты жағдай қалыптасатынына үміт білдірді.