-
«Оралу құқығы» шеруінің 46-шы жұмасында 2 адам шәһид болып,17 адам жараланды
Ақп 09, 2019 11:30Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке Газа секторында «Оралу құқығы» шеруінің 46-шы жұмасында 2 адамның шәһид болып,17 адамның жараланғанын хабарлады.
-
Сейіт Хасан Насролла: Иран – аймақтағы ең ықпалды ел
Ақп 07, 2019 11:46Ливан Хезболласының бас хатшысы Хасан Насролла сәрсенбі күні кешке Ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығына орай Бейрутте "40 көктем" деген атпен өткен рәсімде ИИР-ын аймақтағы ең ықпалды мемлекет әрі өз шешімі мен ұлттық ерік-жігерін білдіруде тәуелсіз әрекет ететін әлемдегі санаулы елдердің бірі деп атады.
-
Хасан Насролла: Иран Ислам революциясы бар күшімен үстемдікке қарсы тұрды
Ақп 05, 2019 14:58Ливан Хизболласының Бас хатшысы «"Үлкен шайтан» – АҚШ-тың дұшпандығына қарамастан Иран Ислам революциясы қырық жыл бойы табандылық танытып, аймақта үлкен жетістіктерге жетті",- деп қуаттады.
-
Веhби Емре турнирінде ирандық спортшылар грек-рим күресі бойынша екінші орын алды
Ақп 04, 2019 10:21Иранның грек-рим күресі командасы Түркияда өткен Веhби Емре атындағы халықаралық турнирде екінші орын алды.
-
Лаңкестер Иракта ирандық зияратшыларға шабуыл жасады
Ақп 04, 2019 07:23Лаңкестер Ирактың солтүстігіндегі Салахеддин облысында ирандық зияратшыларға шабуыл жасап, 34 жастағы бір әйелдің өліміне себеп болып, 9 адамды жаралады.
-
Ғиззат – ислам үмбетінің ең маңызды ерекшелігі
Қаң 30, 2019 15:48Ислам мазхабтарын жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының бас хатшысы аятолла Араки ғиззаттың ислам үмбетін басқа үмбеттерден ерекшелендіретін ең маңызды ерекшелік екенін қуаттады.
-
Лаңкестердің көзі толық жойылғанша Иран Сирия үкіметі мен халқының қасында болады
Қаң 30, 2019 09:18Иранның Вице-президенті Джаһангири лаңкестердің көзі толық жойылғанша Иран үкіметі мен халқының Сирия үкіметі мен халқының қасында болатынын, Сирияның жеңісін өз жеңісі санайтынын қуаттады.
-
ИИР-ның Вице-президенті мен Сирия Президенті Дамаскте кездесті
Қаң 29, 2019 16:22ИИР-ның Вице-президенті мен Сирия Президенті Дамаскте кездесіп, екі ел байланыстары мен серіктестіктерін арттыру туралы сөйлесті.
-
Иран мен Сирия қысқа мерзімде құны үш млрд долларлық сауда айналымына ие болады
Қаң 29, 2019 14:05Иранның Сауда, Өнеркәсіп, Кен және Ауылшаруашылығы Палатасының бастығы Ғоламхосейн Шафеи Иран мен Сирия арасындағы серіктестіктерді жаңғырту мүмкіндігі дайындалғанын, банктік, сақтандыру және тасымал салаларындағы мәселелерді шешкен соң екі елдің сауда айналымының бастапқы жылы үш млрд доллардан асатынын мәлімдеді.
-
Джаһангири: Иран – лаңкестікке қарсы күрестің көшбасшысы
Қаң 29, 2019 09:23Иран Вице-президенті Джаһангири Дамаскте сөйлеген сөзінде Иранды лаңкестікке қарсы күрестің көшбасшысы деп атап: «Егер Сирия үкіметі мен халқының және одақтастарының жанкештілігі болмағанда, бүгінде ДАИШ-тың аймақ пен әлемдегі қоқан-лоққысы арта түсетін еді»,- деді.