Джаһангири: Иран – лаңкестікке қарсы күрестің көшбасшысы
Иран Вице-президенті Джаһангири Дамаскте сөйлеген сөзінде Иранды лаңкестікке қарсы күрестің көшбасшысы деп атап: «Егер Сирия үкіметі мен халқының және одақтастарының жанкештілігі болмағанда, бүгінде ДАИШ-тың аймақ пен әлемдегі қоқан-лоққысы арта түсетін еді»,- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сириялық басшылармен кездесу үшін ирандық делегацияны басқарып, Дамаскке сапармен барған Исхақ Джаһангири дүйсенбі күні екі елдің жоғары лауазымды басшыларымен өткен отырыста: «Бүгін Сирия халқы мен қарсыласу шебінің, сондай-ақ, одақтастарының лаңкестікке қарсы күресі нәтижеге жетті»,- деп қуаттады. Джаһангири Сирияны қайту құру кезеңінде де ИИР-ның Сирия үкіметі мен халқының қасынан табылатынын айтып: «Екі елдің 17-ші экономикалық ортақ отырыс өткізуі «Сирия жаңа кезеңге аяқ басып, елді қайта құруға талпыныс жасайды» деген жолдауды жеткізеді»,- деді.
Сирия Премьер-министрі Имад Хамис те ИИР-ның өткен жылдары Дамасктің лаңкестікке қарсы күресіне көмектесіп, қолдау көрсеткеніне алғыс айтып, Сирияның лаңкестерді жеңуін бүкіл аймақтың, қарсыласу шебі мен екі елдің жеңісі екенін қуаттады.