-
Иран мен Түркия басшылары Оңтүстік Африканың сионистік режимге қарсы заңды әрекетін құптады
Қаң 25, 2024 13:12Иран мен Түркия ортақ мәлімдемесінде сионистік режимнің Газаның мазлум халқына қарсы қылмыстарын дереу тоқтатуды талап ете отырып, Гаагадағы халықаралық сотта Оңтүстік Африканың осы режимге қарсы заңды әрекетін құптады.
-
Әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Әлидің (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!
Қаң 24, 2024 18:33Имам Әли (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) беғсатынан 10 жыл бұрын раджаб айының он үшінші жұлдызында Қағбада дүниеге келді.
-
Раиси: Иран Түркиямен сауда айналымын 30 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр
Қаң 24, 2024 15:13Раиси Түркияны Иран үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес деп атап: "Біз осы елмен сауда айналымын 30 млрд долларға жеткізуді көздеп отырмыз. Екі елдің әлеуеттерін ескерсек, бұл – қолжетімді меже",-деді.
-
Сирияның шығысындағы АҚШ базасына шабуыл жасалды
Қаң 24, 2024 14:11Сирияның Дейр-оз-Зор облысындағы Конико газ кенішінде орналасқан АҚШ базасына зымырандық шабуыл жасалды.
-
Амир Абдуллахиан: Антониу Гутерришпен Газада геноцидті тоқтату туралы пікір алмастық
Қаң 24, 2024 13:58Иран Сыртқы істер министрі: "БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен Газаның оңтүстігі мен солтүстігіне гуманитарлық көмек жеткізу, аймақта соғыс қылмыстары мен геноцидті тоқтату және Қызыл теңіздегі өзгерістер туралы пікір алмастық",-деді.
-
Иран мен Алжирдің Сыртқы істер министрлері Израильдің соғыс қылмыстарын тез арада тоқтату керегін баса айтты
Қаң 24, 2024 13:37Иран мен Алжирдің Сыртқы істер министрлері сионистік режимнің Газа халқына қарсы соғыс қылмыстарын тез арада тоқтатып, атысты тоқтату бітімін орнатып, палестиналықтарды мәжбүрлі түрде көшіруге кесімді қарсылық білдіру керегін баса айтты.
-
Амир Абдуллахиан Теһран-Париж консультацияларының жалғасуын қолдады
Қаң 24, 2024 13:13Иран Сыртқы істер министрі өзінің франциялық әріптесімен кездесуінде екі елді қызықтыратын тақырыптарда Теһран-Париж консультацияларын жалғастырып, екіжақты қатынасты нығайтуды қолдады.
-
Женевадағы Иранның елшісі: Сионистік режим халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке – үлкен қатер
Қаң 24, 2024 12:58Женевадағы Иранның елшісі: "Ядролық қару арсеналы бар және жасырын ядролық жұмыстар жүргізіп жатқан сионистік режим аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке – үлкен қатер",-деді.
-
Амир Абдуллахиан: Нетаньяху соғыс арқылы өзінің саяси ғұмырын ұзартуды көздеп отыр
Қаң 24, 2024 12:38Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында Израиль режимінің тек аймақтық дағдарыстар арқасында сақталып тұрғанына тоқталып: "Нетаньяху соғыс арқылы өзінің саяси ғұмырын ұзартуды көздеп отыр",-деді.
-
АҚШ пен Ұлыбритания басшылары Йеменге жасалған шабуылдарды талқылады
Қаң 23, 2024 17:57Ақ үй сейсенбі күні таңертең мәлімдеме жасап, АҚШ пен Ұлыбритания басшылары телефон арқылы сөйлескенде Йеменге бүгін түнде жасалған шабуылдар мен Қызыл теңіздегі қауіпсіздік жағдайын талқылағанын хабарлады.