Иран АҚШ-тың мұнайын тәркіледі
Иран армиясының теңіз күштері АҚШ-тың 50 млн доллар тұратын мұнайын тәркіледі.
Теһранның халықаралық құқықтық соты (55-бөлімше) Парсы шығанағында АҚШ-тың мұнайын тәркілеуге бұйрық берді. Соған сәйкес АҚШ-тың бір танкеріндегі мұнай тәркіленді.
Батыс елдері, әсіресе АҚШ-тың санкциялары салдарынан бір швециялық компания Ирандағы науқас адамдарға қажет дәрі-дәрмектерді сата алмай, науқастарға ауыр психикалық және физикалық зиян тигізді. Сондықтан көбелек ауруымен ауыратындар (ЕВ) Теһранның халықаралық құқықтық сотына (55-бөлімше) АҚШ-тың үстінен шағым түсірді.
Адвокаттың талпынысы арқасында Теһранның халықаралық құқықтық соты (55-бөлімше) Парсы шығанағында АҚШ-тың мұнайын тәркілеуге бұйрық берді. Соған сәйкес, ADVANTAGE SWEET танкеріндегі мұнай тәркіленді.
Көбелек ауруы – сирек кездесетін генетикалық ауру. Бұған шалдыққан балалардың терісі өте нәзік болады. Тері күлдіреп, үшінші дәрежелі күйік сияқты түрлі жаралар шығады.