-
Джордж Флойдты өлтірген полиция қызметкері түрмеде қаза тапты
Қар 27, 2023 18:31Америкалық қара нәсілді Джордж Флойдты өлтірген полиция қызметкері түрмеде қаза тапты.
-
Канани: Сионистік режим Газада авантюристік әрекеттерін жалғастыруды қалайды
Қар 27, 2023 16:53ИИР СІМ-нің ақпарат өкілі: "Айғақтар мен куәлер көрсеткендей, сионистік режим Газада авантюристік әрекеттерін жалғастыруды қалайды. Халықаралық қауымдастық бұған тосқауыл қоюы керек",-деді.
-
Раиси: АҚШ-тың Газаға қатысты кез келген ісі сәтсіз болады
Қар 27, 2023 14:07Иран Президенті: "Газа халқы осы аймақтың жалпы дауысымен билікке келген заңды үкімет ХАМАС арқылы осы сектордың болашағына қатысты шешім қабылдауы тиіс. АҚШ-тың Газаның ішкі ісіне араласып, халықтың орнына шешім қабылдауға құқығы жоқ. Олардың осы салада атқарған кез келген шарасы жеңіліс табады",-деді.
-
Сенбі күні Газаға 61 гуманитарлық көмек көлігі жіберілді
Қар 26, 2023 17:58БҰҰ: "Сенбі күні азық-түлік, су мен жедел медициналық құралдар тиеген 61 гуманитарлық көмек көлігі Мысырдан Газаға жіберілді",-деп мәлімдеді.
-
Америкалықтардың бір тобы сионистік режимге оқ-дәрі жасайтын зауыттың алдында митинг өткізді
Қар 26, 2023 17:38Бұл митинг Сент-Луис қаласындағы Boeing зауыты алдында өтті. Шерушілер осы компанияның оқ-дәрілерін басып алынған жерлерге жіберуді тоқтатуды талап етті.
-
Бір күнде 24 украин дроны құлатылды
Қар 26, 2023 17:26Ресей Қорғаныс министрлігі жексенбі күні осы ел әуе-қорғаныс кешенінің Ресей мен Украинаның кейбір аудандарының көгінде бір күнде кемінде 24 украин дронын құлатқанын хабарлады.
-
Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері Палестинадағы өзгерістер туралы сұхбаттасты
Қар 26, 2023 16:22Иран Сыртқы істер министрі өзінің түрік әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарын толық тоқтату керегін айтып: "Иран мен Түркия басқа ислам елдерімен бірге Палестина халқын қолдау үшін тегеуріндірек шаралар атқаруы керек",-деді.
-
ОАР Парламенті Израильмен қарым-қатынасты толық үзуге дауыс берді
Қар 26, 2023 16:03ОАР Парламенті Израиль елшісін елден шығаруға және осы режиммен дипломатиялық қатынасты толық үзуге басым дауыс берді.
-
ХАМАС-ты жоюды ойлаған Израильге ескерту жасалды
Қар 26, 2023 15:30Сенбі күні Францияның бұрынғы 18 елшісі Le Monde газетіне берген мақаласында: "Израиль Хизбулланың соққысын еске ала отырып, ХАМАС-ты құртамын деген иллюзиядан ада болсын",-деп ескертті.
-
Марокколықтар өз үкіметінен сионистік режиммен қарым-қатынасты үзуді талап етті
Қар 26, 2023 15:05Марокконың бірнеше қаласында, соның ішінде ел астанасы Рабат пен Танджердегі шерушілер сионистік режимге қарсы ұрандар айтып, осы режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруды Палестинаны басып алу және халықты жаппай қыруды жалғастыру деп атады.