-
Марокко жер сілкінісі 30 атом бомбасының қуатына ие болды
Қыр 13, 2023 10:35- Марокко жер сілкінісі Хиросимада жарылып, тауды екіге жарған 30 атом бомбасына тең энергия деңгейін шығарды.
-
АҚШ-тың Украинаға көмегі 110 миллиард доллардан асты
Қыр 13, 2023 09:44Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл елдің Украинаға берген көмегінің көлемі шамамен 111 миллиард долларға жеткен.
-
Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2901 адамға жетті
Қыр 13, 2023 09:04Марокко Ішкі істер министрлігі бұл елдегі қорқынышты жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 2901-ге, жараланғандар санының 5530-ға жеткенін хабарлады.
-
АҚШ-пен тұтқын алмасуда 5 ирандықтың босатылатыны расталды
Қыр 13, 2023 07:30Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдігі бес америкалық тұтқынның босатылуы орнына бес ирандық тұтқынның босатылатынын растап, олардың есімдерін жариялады. Олар АҚШ санкцияларын заңсыз айналып өтті деген айыппен қамауға алынған болатын.
-
Ливияның Ішкі істер министрлігі: Дернадағы су тасқынынан зардап шеккендер саны 5200-ден асады
Қыр 13, 2023 07:09Ливия парламенті тағайындаған үкіметтегі Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы бұл елдің шығысындағы Дерна қаласында дауыл мен су тасқынынан қаза тапқандар санының 5200-ден астам адам екенін баса айтты.
-
Шейх Закзаки: Құран Кәрімге құрметсіздік көрсету – мұсылмандарға жасалған шабуыл
Қыр 12, 2023 13:17Нигерия Ислам қозғалысының жетекшісі Құран Кәрімге құрметсіздік көрсетуді әлемнің әртүрлі аймақтарындағы мұсылман халықтарына жасалған шабуыл деп бағалады.
-
Ресей Украина күштерінің 12 қарсы шабуылына тойтарыс берді
Қыр 12, 2023 13:17Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі өткен тәулікте Ресейдің Украинадағы әскери операциялары барысында украиндық күштердің 12 қарсы шабуылына тойтарыс бергенін хабарлады.
-
Ким арнайы пойызбен Ресейге сапарын бастады
Қыр 12, 2023 12:45Солтүстік Корея үкіметі ел басшысы Ким Чен Ынның Ресейге арнайы пойызымен кеткенін растады. Бұл сапарда Киммен бірге билеуші партияның жоғары лауазымды жетекшілері мен Солтүстік Корея қарулы күштерінің шенеуніктері бар. Алайда Ким мен Ресей президенті Владимир Путиннің нақты қашан және қай жерде кездесетіні әзірге белгісіз.
-
АҚШ Украинадағы соғысты кеңейтуге әрекеттенуде
Қыр 12, 2023 12:42АҚШ басшылары Байден әкімшілігінің Украинаға кассеталық бомбалармен қаруланған ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандарды беруді мақұлдау алдында тұрғанын хабарлады. Олардың айтуынша, Украинаға кассеталық бомбалар сәтті жеткізілгеннен кейін Вашингтон ATACMS немесе GMLRS немесе екеуін де Киевке беруді қарастырып жатыр.
-
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Иранға қатысты мәлімдеме жасады
Қыр 12, 2023 10:01Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Бас директоры Иранмен қауіпсіздік мәселелерін шешу туралы келісімнің орындалу барысы туралы уәждерін тағы да қайталады.