Путин мен Пашинян Таулы Қарабақ жайлы сөйлесті
Ресей Президенті мен Армения Премьер-министрі телефон арқылы сөйлесіп, Таулы Қарабақтың жағдайын талқылады.
Әзірбайжан республикасы 19 қыркүйекте Таулы Қарабаққа қарсы ауқымды шабуыл жасады. Армения ақпарат құралдарының айтуынша, осы шабуылдан бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар.
20 қыркүйекте Таулы Қарабақ автономды республикасының басшылары ресейлік бітімгерлердің атысты тоқтату бітімін басқару туралы ұсынысын қабылдағанын хабарлады.
Әзірбайжан республикасының атысты тоқтату бітімі туралы ұсынысында Армения Қарулы күштерінен қалған әскери бөлімшелерді аймақтан шығару, Ресейдің бітімгер күштерін орналастыру, Таулы Қарабақтың қорғаныс армиясының қарулы құрылымдарын қарусыздандыру және тарату, олардың ауыр әскери техникасы мен қару-жарақтарын аймақтан шығару туралы айтылған.