Соңғы 24 сағатта Сауд Арабиясы Йеменге 53 әуе соққысын жасады
ParsToday - Йемен қарулы күштерінің өкілі: «Соңғы 24 сағат ішінде Сауд Арабиясы Сана мен Йеменнің тағы 5 провинциясына 53 әуе шабуылын жасап, көптеген бейбіт тұрғындардың қазасына себеп болды», - деп мәлімдеді.
ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Йемен қарулы күштерінің өкілі Яхья Сари: «Соңғы 24 сағат ішінде Хамис Мушайт пен Таиф әуе базаларынан ұшқан Сауд Арабиясының жойғыш ұшақтары, әсіресе F-15 және Тайфун ұшақтары Санадағы, сондай-ақ Таиз, Ибб, Лахж, Саада және Амран провинцияларындағы бейбіт тұрғындар тұратын аудандарға 53 әуе шабуылын жасады. Бұл шабуылдарда көптеген адамдар шәһид болып, жарақат алды, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар болды», - деп мәлімдеді.