ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих
https://parstoday.ir/kz/news/world-i85524-ЮНЕСКО_ның_Дүниежүзілік_мұралар_тізіміндегі_Иран_суреттердегі_тарих
ParsToday - Әл-Фараби ҚазҰУ-да «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрме ашылды.
(last modified 2026-10-20T12:21:24+00:00 )
Қаз 18, 2026 09:16 Asia/Almaty
  • ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих

ParsToday - Әл-Фараби ҚазҰУ-да «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрме ашылды.

16 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде университет мұражайы, тарих факультеті және Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының бірлесе ұйымдастыруымен «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрме ашылды.

Бұл аталмыш көрменің ашылу салтанатына Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Суна Ахмади ханым, Басқарма мүшесі - ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов, тарих факультетінің деканы Досбол Байгунаков, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Көрменің басты мақсаты — адамзат өркениетінің көне ошақтарының бірі болған Иран елінің ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген 29 материалдық тарихи мұра нысанын деректі фотосуреттер арқылы көпшілік назарына ұсыну. Экспозицияда б.з.д. V мыңжылдыққа жататын ежелгі Шахр-е Сухте археологиялық кешені, 2500 жылдық тарихы бар әйгілі Персеполь сарайлары, ежелгі Хегматана (Экбатана) қаласы, Исфахан мен Йездтің архитектуралық ансамбльдері, ежелгі кәріз, керуенсарай және парсы бақтарының таңғажайып көріністері орын алған.

Дайындаған: Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің аға оқытушысы Айман Жұбатқанқызы Боранбаева