-
Тель-Авив Иранда литий қоры табылғанына алаңдап отыр
Маусым 11, 2023 20:57Геосаяси мәселелер жөніндегі сарапшы Анат Хохберг Марум "Маарив" сионистік газетіне берген сұхбатында: "Иранда литий қорының табылуы аймақта күш-құдірет теңгерімінің өзгеруіне себеп болып, Теһранға бұрын-соңғы болмаған геосаяси және экономикалық позиция бере алады",-деді.
-
Германияда НАТО-ның әскери жаттығуына қарсы ауқымды митинг өтті
Маусым 11, 2023 20:50Жүздеген наразы Германияның Вюнсдорф әуе базасы алдында НАТО-ның әскери жаттығуына қарсы ауқымды митинг өткізіп, Украинаға қару-жарақ жіберуді тоқтатуды талап етті.
-
Қытайдың қырғи ұшақтары Тайвань бұғазынан өтті
Маусым 11, 2023 16:27Қытай мен Тайвань арасында текетірес күшейгеннен кейін Тайвань аралының Қорғаныс министрлігі: "Бүгін Қытайдың 10 қырғи ұшағы Тайвань бұғазының орта сызығынан өтті",-деді.
-
Трамп: Сотталсам да, сайлаудан бас тартпаймын
Маусым 11, 2023 16:15АҚШ-тың бұрынғы Президенті өзіне қатысты екі ірі істе кінәсіз екенін қайталап: "Сот тарапынан айыпталсам да, президенттік сайлау додасына қатысамын",-деді.
-
Батыстың Киев үшін нұсқасы сәтсіздікке ұшырады; Путин Украинаның қарсы шабуылының сәтсіздігін қуаттады
Маусым 10, 2023 15:53Ресей Президенті Украинаның қарсы шабуылының басталғанын хабарлады, сонымен бірге Украина күштерінің соғыс майдандарының ешқайсысында өз мақсаттарына жете алмағанын атап өтті. Ол былай деді: "Қарсы шабуыл басталды және бұл мәселе Киевтің стратегиялық резервтерін пайдалану екенің көрсетеді".
-
Анкара Ердоғанның жағдайының нашарлағанын теріске шығарды
Маусым 10, 2023 15:22Түркия президентінің кеңсесі осы елдің Президенті Режеп Тайып Ердоғанның денсаулығы нашарлап барады деген баспасөз ақпаратын теріске шығарды.
-
Иран ұлттық волейбол командасы Ұлттар лигасында Қытай командасымен ойнап, бірінші жеңісіне жетті
Маусым 10, 2023 15:19Иранның ұлттық волейбол командасы бүгін (сенбі) Қытайды 3-1 есебімен басым ойынмен жеңіп, Ұлттар лигасындағы алғашқы жеңісін тойлады.
-
Дүниежүзілік банк: Иран экономикасы АҚШ экономикасынан 5 есе өсті
Маусым 10, 2023 11:33Дүниежүзілік банк өткен жылдың күзіндегі (2022 жылдың төртінші тоқсаны) 72 елдің экономикалық өсіміне шолу жасап, Иран экономикасының АҚШ-тан 5 есе өскенін жариялады.
-
Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Маусым 09, 2023 17:53Амир Абдуллахиан мен Джейхун Байрамов түсініспеушіліктерден арылып, екі елдің қарым-қатынасын екі елдің ортақ мүдделеріне сай келетін табиғи жолға салу қажеттігін қуаттады.
-
50-ден астам ресейлік дипломат Румыниядан шығарылды
Маусым 09, 2023 17:41Ресей Сыртқы істер министрлігі Румынияның әрекетіне реакция білдіріп, Бухаресттің 50-ден астам ресейлік қызметкерді шығару жөніндегі әрекетіне жауап қайтаратынын мәлімдеді.