-
Зариф Бішкекке енді
Сәу 06, 2021 09:35ИИР Сыртқы істер министрі аймақтық сапары аясында Бішкекке енді.
-
Зариф Орта Азияның төрт еліне сапар шегеді
Сәу 05, 2021 19:38Орта Азия елдерімен көпжақты қарым-қатынасты дамыту – Иранның аймақтық байланыстарының басты басымдықтарының бірі.
-
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты бірлескен комиссияның Венада өтетін отырысында құқықтық диалог болады
Сәу 05, 2021 16:55«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты бірлескен комиссияға мүше ирандық келісімгер топқа жақын бір мемлекет қайраткері: «Бірлескен комиссия отырысының күн тәртібінде тек тараптардың міндеттемелерін орындау тәсілі мен оның дұрыстығын растауға қатысты құқықтық диалог өткізу тұр»,-деді.
-
Зариф Ташкентдегі исламдық өркениет орталығын аралады
Сәу 05, 2021 16:18Иран Сыртқы істер министрі Ташкентдегі исламдық өркениет орталығын аралады.
-
Зариф: Иран Өзбекстанды жаһандық нарықтарға шығаратын транзиттік жолмен қамтамасыз ете алады
Сәу 05, 2021 15:59IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні Ташкентте Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесіп, екі елдің саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарын дамытып, нығайту туралы сөйлесіп, аймақтық ынтымақтастық, әсіресе Ауғанстанда бейбітшілік орнату мәселелерін талқылады.
-
Үндістан полициясы бетпердесіз азаматтарды жазалауда
Сәу 05, 2021 10:02Жуырда Үндістан полициясының бетперде тағудан бас тартқан азаматтарды жазалауы ақпарат құралдарының сюжетіне айналды. Үндістанның жергілікті полициясы Твиттердегі жеке парақшасында осы видеоны тарата отырып: «Бомбейдің Марин-Драйв ауданында бетперде тағудан бас тартқан заң бұзушылар осылайша жазаланды. Мұндай жаза мектептерде кең таралған»,-деп жазды.
-
Каирде «Мумияланған перғауындар» шеруі өтті
Сәу 05, 2021 09:49Мысырдың мумияланған 22 перғауыны бұрын соңды болмаған рәсімде Каирдың оңтүстігіндегі Мысырдың ұлттық өркениет мұражайына тасымалданды. Бұл мумиялар 18 және 20-шы перғауындар әулетіне жататын 18 еркек пен 4 әйел перғауынға тиесілі. Мумияланған денелер алтынмен апталып, бетіне перғауындардың аттары билік құрған кезеңі бойынша ойып жазылған танктерге артылып, жаңа мекенге тасымалданды.
-
Швейцарияда полицияға қарай Молотов коктейлі лақтырылды
Сәу 05, 2021 09:34Швейцарияда карантиндік шектеулерге наразы бір топ полицияға қарай Молотов коктейлін лақтырды.
-
Лондонда полиция қызметкерлері наразыларды соққыға жықты
Сәу 05, 2021 09:28Ұлыбританияда нәсілшілдік пен полицияның басып-жаншу өкілетін арттыру туралы заңға қарсы халықтық наразылықтардың жалғасында лондондықтардың шеруі полиция қызметкерлерінің араласуымен қақтығысқа ұласты.
-
Зариф Ұлыбритания Сыртқы істер министрімен кеңесті
Сәу 04, 2021 20:57Иран Сыртқы істер министрі британдық әріптесімен телефон арқылы бірлескен комиссияның Венада өтетін отырысы туралы сұхбаттасты.