Зариф Орта Азияның төрт еліне сапар шегеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i51638-Зариф_Орта_Азияның_төрт_еліне_сапар_шегеді
Орта Азия елдерімен көпжақты қарым-қатынасты дамыту – Иранның аймақтық байланыстарының басты басымдықтарының бірі.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 05, 2021 19:38 Asia/Almaty
  • Зариф Орта Азияның төрт еліне сапар шегеді

Орта Азия елдерімен көпжақты қарым-қатынасты дамыту – Иранның аймақтық байланыстарының басты басымдықтарының бірі.

Осы орайда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Орта Азияның төрт еліне сапарының алғашқысында Ташкентте Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесіп, сұхбаттасты.

Зариф осы сапардың жалғасында Қырғызстан, Қазақстан мен Түркіменстанға барады.

Қазіргі таңда Иран мен  Орта Азия елдері арасында экономикалық байланыстарды дамытуға қолайлы жағдай қалыптасты. Осы мүмкіндіктерді инвестиция салып, сауда-саттықты нығайтуға қолдануға болады. Орта Азия елдері Иранмен сауда-экономикалық әлеуеттерді көбірек пайдалануға, әсіресе мұхитқа жол ашатын Чабаһар айлағын қолдануға қызығушылық танытып отырғанын ескеріп, бұл әріптестіктерді көпжақты стратегиялық байланысты нығайтуға әсері тұрғысынан бағалау керек.

Аймақ географиясында Орта Азия мен Кавказ елдерінің сауда және транзит үшін халықаралық суларға қолжетімділігі аса маңызды. Иранның жолдарын пайдалану арқылы осы мақсатқа жетуге болады.

Иран – геостратегиялық, геоэкономикалық және геосаяси артықшылықтарға ие елдердің бірі. Осы негізде сарапшылардың көбі Иранның Орта Азия елдерімен келісімдерін екі және көпжақты қатынастарда қисынды шешім деп санайды.   

Иран Сыртқы істер министрінің Орта Азияның төрт еліне сапары екі себептен стратегиялық маңызға ие:

Бірінші себеп – көпжақты қарым-қатынас қалыптастыру үшін барлық мұрсатты саналы түрде пайдалану қажеттігіне көңіл аудару. Аймақтық әлеуеттерді теңдей пайдалану және саяси-экономикалық қарым-қатынаста мақсатты таңдау жасау – біржақтылықтан туындайтын зияндарға кедергі болатын жолдардың бірі.

Екінші себеп – осы сапарда жасалған келісімдер Иранның саяси маневр жасау қуатын арттырып, Орта Азия елдерімен экономикалық байланысты күшейтуге ықпал ете алады.