Пезешкиан: Хиросиманы бомбалау адамзатқа қарсы ең үлкен қылмыс болды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85196-Пезешкиан_Хиросиманы_бомбалау_адамзатқа_қарсы_ең_үлкен_қылмыс_болды
ParsToday - Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасының тасталуының жылдығына арналған жолдауында Иран президенті АҚШ-тың адамзатқа қарсы бұл тарихи қылмысын айыптады.
(last modified 2026-08-08T13:49:46+00:00 )
Там 08, 2026 18:42 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Хиросиманы бомбалау адамзатқа қарсы ең үлкен қылмыс болды

ParsToday - Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасының тасталуының жылдығына арналған жолдауында Иран президенті АҚШ-тың адамзатқа қарсы бұл тарихи қылмысын айыптады.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран президенті Масуд Пезешкиан әлеуметтік желідегі жеке парақшасында 1945 жылы АҚШ-тың Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасының тасталуының жылдығына тоқталып, бұл әрекетті адамзатқа қарсы ең үлкен қылмыстардың бірі деп атады.

Бұл жолдауында Пезешкиан былай деп мәлімдеді: «АҚШ-тың Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастауының жылдығында – бұл адамзатқа қарсы ең үлкен қылмыстардың бірі болып саналады – бұл қорқынышты апатты айыптайтындар бүгінде Вашингтонда үстемдік етіп келе жатқан, ұлттарды жойып, азаматтық инфрақұрылымды қиратуға қауіп төндіретін ой-пікірді айыптауы керек».

Осы жолдаудың соңында Иран президенті тарихтан сабақ алу қажеттілігін атап өтіп, мұндай әрекеттер мен қауіптерді айыптаудағы соңғы ұраны ретінде «ешқашан қайталанбасын» деген сөз тіркесін қайталады.