-
Халық Борис Джонсонды сынады
Маусым 29, 2020 16:46Британия халқы Борис Джонсонды коронавирус дағдарысы кезіндегі үкіметінің шешімдері және нәсілшілдікке қарсы ұстаным білдірмегені үшін сынады.
-
АҚШ-та бір нәсілшіл наразыларға қарсы қарулы шабуыл жасады
Маусым 29, 2020 16:43Кентуккидің Луисвилл аймағында бір нәсілшіл қарулы адам нәсілшілдікке қарсы наразылық білдірушілерге шабуыл жасап, оларға ондаған оқ атты. Жергілікі ақпарат құралдар өткен түнде Кентукки штатындағы Луисвилл қаласындағы Джефферсон саябағында нәсілшіл адамның наразылық білдірушілерге қарай оқ атып, бір адамның өліп және бір адамның жарақат алғанын хабарлады. Наразылар Луисвиллде Брионна Тейлордың өліміне наразылық білдіру үшін жиналған болатын.
-
Әзірбайжан астанасында хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) мешіті қиратылды
Маусым 29, 2020 16:27Әзірбайжан үкіметінің лауазымды адамдары дүйсенбі күні Бакудың Ени Гюнешли аймағында хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) мешітін қиратты.
-
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 10 миллионнан асты
Маусым 29, 2020 16:25Әлемнің түпкір-түпкірінде Covid-19 жұқтырған адамдардың саны 10 миллионнан асты, олардың ішінде екі жарым миллион адам АҚШ азаматтары. Сондай-ақ Covid-19 вирустың салдарынан 500 мың адам қайтыс болды.
-
Франция полициясы наразыларға қарсы зорлық-зомбылық қолданды
Маусым 29, 2020 16:19Сенбі күні кешке Париж көшелері Макрон үкіметінің саясатына қарсы наразылықтардың куәсі болды.
-
Ресей The New York Times-тың уәждерін теріске шығарды
Маусым 28, 2020 14:36Ресей СІМ The New York Times газетінің Мәскеудің Ауғанстанда америкалық сарбаздарды өлтіру үшін Талибан тобымен әріптескені туралы уәждерін теріске шығары.
-
Нәсілшілдікке наразылар Колорадо күре жолын жапты
Маусым 28, 2020 13:15АҚШ-тың түрлі қалаларында қалыптасқан нәсілшілдікке қарсы наразылықтардың жалғасында Колорадо штатындағы наразылар шеруге шығып, күре жолды жауып, 23 жастағы қара нәсілдінің өліміне қатысты істің әділ шешілуін талап етті.
-
АҚШ-та жүздеген қара нәсілді нәрестенің өлімі – құрылымдық нәсілшілдіктің бір үлгісі
Маусым 28, 2020 13:12Теһранда бейнеконференция арқылы өткен америкалық адам құқығы туралы отырысқа қатысқан америкалық ұстаздар АҚШ-тың Алабама штатында 500 қара нәсілді нәрестенің өлімін бұл елдегі құрылымдық нәсілшілдіктің бір үлгісі деп атады.
-
АҚШ-тың Денвер қаласында нәсілшілдікке қарсы наразылық болды
Маусым 28, 2020 11:44Кеше АҚШ-тың кейбір өңірлерінде нәсілшілдікке қарсы наразылық шерулері өтті. Суреттерден Денвер қаласындағы ауқымды шеру бүлікке қарсы полиция мен қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда өтті. Шеруге түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері қатысты.
-
Мексикада 200 метрлік мұнара 7,4 баллдық жер сілкінісіне төтеп берді
Маусым 28, 2020 11:14Кеше Мексиканың оңтүстігіндегі Оахака облысында 7,4 баллдық жер сілкінісі болды. Елдегі 200 қабатты ғимарат осындай зілзалаға төтеп берді.