АҚШ-та жүздеген қара нәсілді нәрестенің өлімі – құрылымдық нәсілшілдіктің бір үлгісі
Маусым 28, 2020 17:42 Asia/Almaty
Теһранда бейнеконференция арқылы өткен америкалық адам құқығы туралы отырысқа қатысқан америкалық ұстаздар АҚШ-тың Алабама штатында 500 қара нәсілді нәрестенің өлімін бұл елдегі құрылымдық нәсілшілдіктің бір үлгісі деп атады.
АҚШ-тың Джорджия университетінің ұстазы Лакита Бейли сенбі күні кешке өткен отырыста АҚШ-та нәсілшілдіктің жаңа емес, тарихы тереңде жатқан мәселе екенін айтып: «АҚШ-тың саяси-құқықтық және әлеуметтік салаларында, білім беру және медицина жүйелерінде, тұрғын үймен қамту саясаты туралы заңдарында нәсілшілдік байқалады»,-деді.