Адмирал Озмаи: Біз америкалық әскери кемелерді батыру үшін минуттарды санап жатырмыз
ParsToday – Ислам революциясы сақшылары корпусы Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы американдық кемелердің Ормуз бұғазына жақындауға батылы жетпейтінін айтып: «Біз американдық кемелері Ормуз бұғазының кіреберісіне жақындағанын күтіп тұрмыз, сонда оларды батырып жібереміз, біз осы сәтті асыға күтудеміз», - деді.
ParsToday IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы, контр-адмирал Әли Озмаи сейсенбі күні кешке Иран телеарнасына берген сұхбатында Иранның өзінің тактикалық әлсіз тұстарын артықшылыққа айналдырғанын баса айта отырып, былай деді: «егер америкалықтар Ормуз бұғазының ашық немесе жабық екенін білгісі келсе, олар сол жерге кіріп, оны кім бақылап отырғанын өз көздерімен көрулері керек».
Адмирал Озмаи былай деп мәлімдеді: «Бүгінде жеті бірдей флоты бар Америка Құрама Штаттары жанармай контрабандашысына айналды; құны 13 миллиард долларды құрайтын америкалық әскери кеме жарамсыз күйге түсіп, Ормуз бұғазына жақындауға батылы жетпегендіктен, одан 700 шақырым қашықтыққа шегінді».
Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы былай деп қосты: «Біз ереже бұзған кемелерге қатысты қолданылған жазалау шараларының тек бір-екі мысалын ғана көрсеттік; американдықтар мен олардың аймақтағы серіктестері ереже бұзған кемелердің жазаланып жатқанынан әлем жұртшылығы хабардар болмауы үшін ақпараттық блокада орнатты. Сондықтан да біз осындай екі оқиғаның бейнежазбасын жарияладық».
Адмирал Озмаи сөзін былай деп жалғастырды: «Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағы Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) Әскери-теңіз күштерінің бақылауында, ал Ислам Республикасының армиясы Оман теңізін бақылайды; бұл дегеніміз – блокада Оман теңізінен тысқары жерде, Араб теңізінде жүзеге асырылады».
Ол Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазын ақылды түрде бақылайтынын, яғни — Иранға баратын немесе одан шығатын кемелер (оларға тиісті басқару тізбегіне сәйкес рұқсат берілген жағдайда) Иранның су жолы арқылы өтетінін баса айтты.
Адмирал Озмаи былай деді: «Біз көршілерімізбен экономикалық, саяси және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Бізге американдықтар қажет емес. Олар аймақ халқының байлығын тонауды көздеп отыр».
Ол былай деді: «Бүгінде АҚШ әскері қорлыққа ұшырап, аянышты әрі мүшкіл халге түсті».