Йемен премьер-министрі Израиль шабуылынан шәһид болды
ParsToday - Йемен президенттігі сенбі күні Израильдің Йемен астанасы Сана қаласына жасаған шабуылында премьер-министр мен оның бірқатар министрлерінің шәһид болғанын хабарлады.
Йемен президенттігі осы елдің премьер-министрі Ахмед Ғалиб әл-Рахви мен оның бірқатар министрлердің сионистік режимнің жуырда Санаға жасаған шабуылында шәһид болғанын жариялады. Йемен президенттігінің мәлімдемесінде: «Израиль дұшпанымен ашық және ауқымды шайқастың қызған шағында біз халық пен ислам еліне Өзгеріс және құрылыс үкіметінің премьер-министрі Ахмед Ғалиб әл-Рахви мен министрлер кабинетінің бірқатар министрлерімен бірге бейсенбі күні шәһид болғанын жариялаймыз»,-делінген.
Йеменнің президенттігі былай деп қосты: «Ұлы Йемен халқына Алланың көмегімен үкіметтің істерді ілгерілету аясындағы рөлін орындайтынына және мемлекеттік мекемелердің Йеменнің ұлы, күресуші және сабырлы халқына қызмет көрсетуді жалғастыратынына және бұл апаттың ауқымы қаншалықты үлкен болса да, қызмет көрсетуді ешқашан үзбейтінін сендіреміз» деді. Йеменнің президент кеңсесі: «Біз өз ұлтымызға, езілген Палестина халқына, Ислам үмбетінің балаларына және әлемнің барша азат халқына Газа тұрғындарына көмектесудегі бастапқы ұстанымымызда табанды болатынымызды және осы процесті жалғастыратынымызды жариялаймыз» деді.