Қазақстан мен Иран СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
https://parstoday.ir/kz/news/daily_news-i81800-Қазақстан_мен_Иран_СІМ_басшылары_телефон_арқылы_сөйлесті
ParsToday - Иран тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен телефон арқылы сөйлесті.
(last modified 2025-11-01T12:57:34+00:00 )
Қар 01, 2025 16:07 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Иран СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

ParsToday - Иран тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында А.Арақчи қазақ әріптесін министр лауазымына тағайындалуымен және Республика күнімен құттықтады.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Иран ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастарды одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге өз ұмтылыстарын растады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырып, белсенді саяси диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты.