Иран мен Тәжікстан бір-бірінің жүргізушілер үшін визаны алып тастайды
ParsToday - Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі осы жылдың наурыз айының басынан бастап бұл ел мен Иран Ислам Республикасы бір-бірінің халықаралық көлік жүргізушілері үшін виза режимін алып тастайтынын хабарлады.
Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі биылғы наурыз айының басынан бастап өз елі мен Иран Ислам Республикасы халықаралық тасымалдау жүргізушілері үшін визаны алып тастайтынын мәлімдеді. Ол: «Бұл шешім екі ел үкіметтерінің өзара келісімі негізінде қабылданды. Осы шешімге сәйкес, олар кез келген 90 күндік кезеңде 30 күнге дейін визасыз бола алады», - деді. Енді Тәжікстан мен Иранның қарапайым төлқұжаттары бар халықаралық жүк көліктерінің жүргізушілері мен олардың көмекшілері барлық шекара өткелдері арқылы бір-бірінің аумағына визасыз кіре алады. Тәжік және иран жүргізушілері кез келген 90 күндік кезеңде 30 күнге дейін (яғни үш айда 30 күн) бір-бірінің аумағында визасыз бола алады.