Иран мен Қазақстан бірлескен технологиялық ынтымақтастыққа дайын
(last modified Thu, 05 Sep 2024 12:21:56 GMT )
Қыр 05, 2024 18:21 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан бірлескен технологиялық ынтымақтастыққа дайын

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі мен Қазақстанның Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі кездесіп, ақпараттық технология, инфрақұрылым, электронды үкімет және зерттеу коммуникациялары салаларындағы ортақ ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты.

 

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Сейед Саттар Хашеми ESCAP отырысының соңғы күнінде Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевпен кездесуінде: "Ислам Республикасы цифрлық технологияларды дамытуда Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын",- деді.

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі де Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары және ESCAP Атқарушы хатшысымен кездесуінде Иран мен ESCAP арасындағы өткен ынтымақтастыққа тоқталып, табиғи апаттармен күресудегі технологиялардың рөліне қатысты Иран мен ESCAP арасындағы ортақ жоспардың анықталатынына үміт білдірді.

Осы хабарға сәйкес, Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі ғылым және технология паркі мен акселератор жинағы болып табылатын «Astaneh Hub» орталығына барды. 

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Сейед Саттар Хашеми ESCAP екінші саммитіне қатысу үшін Қазақстанның Астанасына сапар шекті.

Қазақстанға екі күндік сапары барысында Хашеми ESCAP мүше-министрлерінің кездесуіне қатысу кезінде кездесуге қатысқан елдердің цифрлық министрлерімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша бөлек кездесулер өткізді.

ESCAP  қатысушы елдердің цифрлық министрлерінің бірінші саммиті 2022 жылдың қазан айында Оңтүстік Кореяда өтті.

ESCAP – Біріккен Ұлттар Ұйымының ең ірі аймақтық комиссияларының бірі, ол әлем халқының жартысынан көбін қамтиды және оның мақсаты экономикалық өсуді дамыту, сонымен қатар аймақтағы халықтың әл-ауқатының деңгейін көтеру болып табылады.

 

Тегтер