Иранның ЭЫҰ-ға мүше елдермен саудасы 27,6 миллиард долларға дейін өсті
ParsToday - Иран Ислам Республикасының Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдермен сауда-саттық көлемі хижра бойынша 1403 жылы 36 миллион 235 мың тоннаға, ал валюта айналымы бойынша 27 миллиард 626 миллион долларға жетті.
ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Иран кедені сәрсенбі күні Иранның ЭЫҰ-ға мүше елдермен 1403 жылғы жалпы саудасының 8 миллион 227 мың тоннасы 13 миллиард 543 миллион долларға импортқа, 28 миллион 8 мың тоннасы 14 миллиард 83 миллион долларға экспортқа бөлінгенін хабарлады.
Осы есеп бойынша Иранның 1403 жылы ЭЫҰ-ға мүше елдерге мұнайдан басқа экспорты салмақ жағынан 38,7 пайызға, құндық жағынан 37,5 пайызға өсті.
Сондай-ақ, осы кезеңде Ираннан ЭЫҰ-ға мүше елдерге мұнайдан басқа экспорттың ең үлкен көлемі Түркияға, бұл 6 миллиард 889 миллион доллар, Пәкістанға 2 миллиард 423 миллион долларға, Ауғанстанға 2 миллиард 414 миллион долларға, Әзірбайжанға 681 миллион долларға, Түркіменстанға 572 миллион долларға тең тауар экспортталды.