Қалибаф: Әскери қауіп-қатерлер Иранның шешімдеріне әсер етпейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85564-Қалибаф_Әскери_қауіп_қатерлер_Иранның_шешімдеріне_әсер_етпейді
ParsTopday – Иран парламентінің спикері қауіп-қатерлер мен қозғалыстар Иран Ислам Республикасының стратегиялық шешімдеріне әсер ете алмайтынын мәлімдеді.
(last modified 2026-10-22T12:35:37+00:00 )
Қаз 21, 2026 12:42 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Әскери қауіп-қатерлер Иранның шешімдеріне әсер етпейді

ParsTopday – Иран парламентінің спикері қауіп-қатерлер мен қозғалыстар Иран Ислам Республикасының стратегиялық шешімдеріне әсер ете алмайтынын мәлімдеді.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Иран парламентінің спикері Мұхаммад Бақер Қалибаф сейсенбі күні кешке Пәкістан әскері басшысы Асим Мунирмен кездесуінде Исламабадта Иран мен Америка Құрама Штаттары арасында өткен келіссөздерге тоқталып былай деді: «Мен сол жерде АҚШ вице-президентіне ашық түрде айттым: Америка Құрама Штаттарының Иранға қарсы жасаған көпжылдық теріс әрекеттері — Ислам революциясына дейін де, одан кейін де — Иранда АҚШ-қа деген терең сенімсіздік тудырды. Оның үстіне, Трамп әкімшілігінің Исламабадтағы уағдаластықты бұзуы және оның қайта-қайта жасаған қоқан-лоққылары бұл сенімсіздік қабырғасын бұрынғыдан да биіктете түсті».

Қалибаф Иранның айтар жаңа сөзі жоқ екенін және Америка Құрама Штаттары Иранның Нью-Йоркте ұсынған жеті шартын орындамайынша, оның сеніміне ие бола алмайтынын атап өтті.

 

Генерал-майор Резаи: Байытылған ядролық материалдың бірде-бір бөлшегі Ираннан шықпайды

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы кеңесінің хатшысы генерал-майор Резаи де Пәкістан армиясының қолбасшысы Асим Мунирмен кездесуінде барлық байытылған ядролық материалдар Иранда қалатынын атап өтіп: «Байытылған ядролық материалдардың бірде-бір бөлігі Ираннан шықпайды және бұл материалдар Иран халқы үшін маңызды құндылық әрі ұлттық байлық болып табылады және тек ел ішінде пайдалануға арналған», - деді.

Генерал-майор Мохсен Резаи Иран халқы мен ресми тұлғаларының бірігіп, ортақ ұстанымға келгенін мәлімдеді: «АҚШ сенімді нығайтуға бағытталған қадамдар жасамайынша, ешқандай келіссөздер жүргізілмейді. Бұл үдеріс Иранның қойған шарттарын орындаудан басталуы тиіс».

Пәкістан армиясының қолбасшысы Асим Мунир де 40 күндік соғыстағы Иран Ислам Республикасы қарулы күштерінің батыл қорғанысы мен қарсылығына тоқталып, екі ел арасындағы шетелдіктердің қатысуынсыз аймақтық ынтымақтастықты баса айтты.