Арақчи «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының бір жылдығына байланысты ақпарат отырысын өткізді
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары «алтылық» елдерінің санкциялардың күшін жоюдағы іс- әрекетін сынап: "Қарсы тарап тек қағаз жүзінде ғана санкциялардың күшін жойды, бірақ санкцияларды жою Иран халқының барлық талабы емес" деп мәлімдеді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын қадағалау штабының ирандық төрағасы сейіт Аббас Арақчи жексенбі күні Теһранда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бір жылдығына байланысты өткізген ақпарат отырысында Вена келісімшартынан өткен бір жыл бойындағы кейбір түсінбеушіліктер туралы: «Санкцияларды жою Иран үшін аса маңызды және келісімгерлердің мақсаттарының бірі болғаны даусыз. Иран өзінің батыстықтардан талаптарын ешқашан ұмытпайды. Өткен бір жыл ішінде серт бұзушылықтар орын алды, бірақ Иран халқына қарсы зұлым санкцияларға 12 жыл шыдау және халықтың ауыр санкциялар мен күнделікті қоқан-лоққылар алдындағы төзімділігі мен қарсыласуы "Ядролық энергия Иранның даусыз құқығы" деген бір сөйлем немесе ұранның арқасында болғанын ұмытпау керек» деді.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға қарсы санкциялардың күшін жою туралы қарарына сілтеме жасап: «Бүгінде ядролық энергия мен 15 жылдық бағдарлама бойынша Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне ұсынылған келешектің индустриалдық перспективасы тұрақтандырылған» деді.