Там 21, 2016 20:02 Asia/Almaty
  • Иранның Барлау министрлігі елде лаңкестік топтың ұсталуы туралы хабарлама жасады

Барлау министрлігі хабарлама жариялап: "Тамыздың 15-16 күндері Иранның батысында тәкфирлік лаңкестік топқа соққы берілген соң, барлау шараларының жалғасуымен осы топтың басқа да қашқын мүшелері анықталып, тамыздың 18 күні ұсталды.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы қауіпсіздік қызметкерлерінің бірлескен шарасында лаңкестердің өзге мекендері анықталып, едәуір қару, граната, жарылғыш белбеу, бомба жасау құралдары және лаңкестік шараларға қатысты өзге жабдықтар анықталып тәркіленді" деп мәлімдеді.

 

Тегтер