Бүгін имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i13864-Бүгін_имам_Мұхаммад_Тақи_(ғ.с.)_ның_шәһид_болған_күнінің_жылдығы
Исламдық Иран бүгін имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты аза тұтуда.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 02, 2016 16:51 Asia/Almaty
  • Бүгін имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы

Исламдық Иран бүгін имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты аза тұтуда.

Бүгін, жұма зиқаеде айының 30-шы жұлдызы имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы.

Имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.) хиджри қамаридің 195-ші жылының рамазан айында дүниеге келді. Әлем шиіттерінің сегізінші имамы – әкесі хазірет Реза (ғ.с.) шәһид болған соң мұсылмандардың имаматы мен басшылығын өз міндетіне алды.

Имам Джавад (ғ.с.)-ның өмір сүрген және имамат жылдары исламдық өркениет гүлденіп, наным-сенімдер мен философияның ислам әлеміне таралған жылдар болды.

Иран халқы имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты мешіттер мен Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Мешхед қаласындағы имам Реза (ғ.с.) мен Теһранның оңтүстігінідегі қасиетті Құм қаласындағы хазірет Масуменің кесенелерінде жиналып, аза рәсімдерін өткізуде.

ИИР Телерадио бірлестігі  әлем шиіттерінің  тоғызыншы имамы – имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты дүниежүзінің мұсылмандары мен азаттық талап етушілеріне көңіл айтады.