Сот органының төрағасы: Иран Мина апатын қарастыру үдерісін жалғастырады
(last modified Tue, 06 Sep 2016 15:41:28 GMT )
Қыр 06, 2016 21:41 Asia/Almaty
  • Сот органының төрағасы: Иран Мина апатын қарастыру үдерісін жалғастырады

Иран Сот органының төрағасы ИИР-ның Мина апатын халықаралық деңгейде құқықтық тұрғыдан қарастыруды жалғастыратынын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сот органының төрағасы аятолла Садеқ Амоли Лариджани дүйсенбі күні  Теһранда сот органындағы  жоғары лауазымды қайраткерлердің отырысында Мина апатына бір жыл болғанына тоқталып: «Бұл апат саудиялық басшылардың исламның қасиетті жерлерін басқаруға лайық еместігін көрсетті»,-деп баса айтты

Иран Сот органының төрағасы әлемдік қауымдастықтың саудиялықтардың қисынсыз әрекеттеріне екіұшты қатынас көрсетіп отырғанын сынап: «Егер Мина апаты сияқты оқиға басқа елде орын алғанда, үстемшілдердің ақпарат құралдары жылдар бойы жанжал көтерер еді, алайда саудиялықтар үстемшіл елдерге бағынатындықтан бұл апатқа үнсіздік танытты» деді.

Мыңдаған зияратшы, соның ішінде 464 ирандық зияратшы 2015 жылдың қыркүйек айының 24 күні Құрбан айт кезінде Мина жерінде қажылық рәсімдерін орындау барысында саудиялық жауапты тұлғалардың біліксіздігі салдарынан қаза тапты.

 

Тегтер