Мәртебелі жетекшінің Мина апатында шәһид болғандардың отбасыларымен кездесуінде сөйлеген сөзі
(last modified Wed, 07 Sep 2016 17:37:52 GMT )
Қыр 07, 2016 23:37 Asia/Almaty
  • Мәртебелі жетекшінің Мина апатында шәһид болғандардың отбасыларымен кездесуінде сөйлеген сөзі

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «Егер әл-Сауд басшылары Мина апатында кінәсіз болса, исламдық-халықаралық ақиқатты табушы бір топтың мәселенің шындығын жақыннан қарастыруына рұқсат етсін» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятола Хаменеи Мина апаты мен ал-Харам мешітінде шәһид болғандардың отбасыларымен кездесуде сөйлеген сөзінде: «Осы оқиғалардағы әл-Сауд режимінің көзжұмбайлығы мен немқұрайдылығы қасиетті кесенелерді басқарудағы осы әулеттің лайықсыздығын тағы дәлелдеді» деді. 

Хазірет аятолла Хаменеи Мина апатында Құдайдың үйін зиярат етіп келген шамамен 7000-дай адамның шәһид болуына тоқталып, мемлекеттер мен үкіметтердің осы ауыртпалы да өкінішті оқиғаға реакция танытпағанын өткір сынады.  

Хазірет үкіметтердің, тіпті үлемдер мен саяси белсенділердің, зиялылар мен ислам әлемінің бетке ұстар тұлғаларының күнәсіз 7000 зияратшының шәһид болуына үнсіздік танытуын ислам үмбетінің үлкен қайғысы деп атап: «Мина апаты сынды ауыр оқиғаны маңызды санамау ислам әлемінің шынайы трагедиясы» деді. 

Ислам революциясының мәртебелінің жетекшісі Сауд басшыларының кешірім сұраудан бас тартуын олардың әдепсіздігінің шегі деп атап: «Егер тіпті іс қасақана жасалмаса да, осыншама біліксіздік пен абайсыздық саяси үкімет үшін қылмыс саналады» деді. Хазірет Мина оқиғасының келесі мәселесін адам құқығы туралы уәж айтушылардың үнсіздігі деп атап, кейбір елдердегі сот үкімдерін орындауға қатысты адам құқығын қорғаушы ұйымдардың саяси-жарнамалық жанжалдарына сілтеме жасап: «Бір үкіметтің өз міндеттерін орындаудан бас тартуы мен мазлұм, бейкүнә 7000 адамның көз жұмуына  үнісіздік таныту адам құқығы туралы уәж айтатындардың жалған болмысын әшкере етті. Халықаралық қоғам мен ұйымдарға үміт артқан адамдар осы ащы шындықтан сабақ алуы керек» деді.  

Хазірет аятолла Хаменеи ақиқатты табатын топ құруды исламдық елдердің уәжіп және қажет істерінің қатарында атап: «Қайғылы оқиғадан бері бір жылдың өткеніне қарамастан, көзбе-көз көріп, құлақпен естіп, жазылған құжаттарды қарастыру оқиғаның ақиқаттарын біршама айқындайды» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сонымен қатар Сауд режимін қолдаушыларды осы режиммен Мина апатына қатысты серіктес деп атап: «Сауд режимі Американың демеушілігімен арсыздықпен мұсылмандарға қарсы тұрып, Йемен мен Сирияда, Ирак пен Бахрейнде қан төгіс жасауда. Сол себепті Америка мен Риядтың басқа қолдаушылары саудиялықтардың қылмыстарына сыбайлас» деді.

 

 

Тегтер