Теһрандағы Құрбан айт намазының құтпалары
Теһрандағы Құрбан айт намазының құтпагері Мина апатының әл-Сауд басшыларының қасиетті кесенелерді басқаруға лайық еместіктерін көрсеткенін қуаттады.
Аятолла Ахмад Хатами кеше дүйсенбі күні Теһранда Құрбан айт намазының құтпаларында сйөлеген сөзінде: «Әл-Сауд басшыларының қасиетті кесенелерді басқаруға лайық еместігіне байланысты ислам әлемінің таңдаулы тұлғалары қасиетті кесенелерді басқарудың немесе тым болмағанда қажылық рәсімдерін басқарудың жауапкершілігін мойындарын алуы тиіс. Дінді дүниеге сататын саудиялық мүфтилердің қылмыстары олардың басшыларының қылмыстарынан кем емес. Тәкфірліктердің қылмыстарының барлығы солардың адамзатқа қарсы қатерлі тағылымдары болып табылатын мүфтилер бұрыс негіздеулерімен әл-Сауд басшыларын қылмыстарына кінәлі емес деп көрсетуге күш салуда» деді. Құрбан айт намазының құтпагері ислам елдерінің өткен жылы Минада орын алған қылмыстарға қатысты үнсіздік танытып отырғанын сынап: «Әл-Сауд режимінің қылмыскерлері исламдық сотта сотталып, жазалануы тиіс. Себебі Мина апатында әл-Сауд басшыларының айыпталушы емес, нағыз қылмыскердің, кінәлінің өзі болғандығына ешкім күмәнданбайды» деп кесіп айтты.
Құрбан айт намазының құтпагері Иранның Мина апатын қарастыру және ақиқатты анықтайтын топ құруды қуаттап отырған талпыныстарына тоқталып: «Иранның ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің Мина апаты мәселесіне қатысты ұстанымы мадақтауға лайық әрі бір елдің жетекшісінің халқының құқығын қорғаудағы символы» деп баса айтты.