Дивизия басшысы Резайи: Дұшпандардың қоқан-лоққысына Иранның қайтаратын жауабы қатаң болады
(last modified Mon, 03 Oct 2016 02:08:38 GMT )
Қаз 03, 2016 08:08 Asia/Almaty
  • Дивизия басшысы Резайи: Дұшпандардың қоқан-лоққысына Иранның қайтаратын жауабы қатаң болады

Иран ислам революциясының Сақшылар корпусының бұрынғы қолбасшысы дұшпандар тарапынан жасалатын кез- келген қоқан-лоққы мен қол сұғушылыққа Иран ислам республикасының қайтаратын жауабының қатаң және өткір болатынын баса айтты.

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының бұрынғы қолбасшысы дивизия генералы, сардар Мохсен Резайи жексенбі күні Иранның оңтүстік-батысындағы Кохгилуйе мен Бойерахмед облысының орталығы Ясуджде ИРНА- ға берген сұхбатында: «Иранның қорғаныстық күшіне байланысты дұшпандардың Иранға шабуыл жасауға батылы бармайды» деді.

Иран ислам республикасының аймақтағы барлық елдерді бейбітшілік пен тыныштыққа шақыратынын қуаттаған генерал Резайи: «Шекараларға шапқыншылық жасап, өзге елдердің ішінде бейберекеттік тудыру ешкімді жақсылыққа жеткізбейді.

Алайда Иран ислам республикасының стратегиялық саясаты әрдайым аймақта бейбітшілік пен тыныштық орнатуға негізделген. Біздің ел ешқашан қақтығыс, соғыс пен қантөгісті мақсат етпейді.

Бүгінде исламдық Иран елі толық қауіпсіздікте күн кешіп жатыр. Осының өзі ислам революциясының берекесі мен Иран жастары мен жауынгерлерінің жанкештілік пен шәһид болуды қалауының нәтижесі» деді.

 

Тегтер