Фарс облысында бірнеше тәкфиршіл лаңкес құрықталды
Иранның Барлау министрі бірнеше шетелдік тәкфиршіл лаңкестің 100 кг-нан астам жарылғыш затпен бірге құрықталғанын хабарлады.
Сейіт Махмұд Алави Теһранда шәһидтердің жетекшісі имам Хосейнді (ғ.) аза тұту рәсімі аясында ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында: «Барлау министрлігіндегі имам Заманның (ғ.) белгісіз сарбаздары басқа да қауіпсіздік органдары және Фарс облысы халқының әріптестігімен тәкфирлік-лаңкестік топтардың қауіпсіздікке қарсы қастандықтарының бірін залалсыздандырып, әлемнің азаттық сүюшілерінің үлгісіне адалдығын қайта жариялау рәсімдерінде адамзатқа қарсы бір қылмыстың орын алуына кедергі жасады.
Бұл амал барысында барлығы шетелдік болып табылатын лаңкестердің бірқатары құрықталып, олардан 100 кг-дан астам жарылғыш зат пен соған қатысты құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді.
Қолда бар құжаттар исламдық Иранға қарсы дұшпандардың шекараның ар жағынан лаңкестерді ел ішінде діни қайшылықтарды тудыруға бағыттағанын көрсетеді. Алайда олар халықтың қырағылығының арқасында сәтсіздікке ұшырады»,-деді.