Иранның мұнай өндірісінің деңгейі санкцияларға дейінгі межеге жетті
Қаз 18, 2016 09:04 Asia/Almaty
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Иранның мұнай өндірісі деңгейінің санкцияларға дейінгі межеге жетуі туралы айтқан сөзінде: "Иранның мұнай өндірісінің көлемі шамамен күніне төрт миллион баррельге жетті, яғни санкцияларға дейінгі өндіріс көлемі күніне төрт миллион 200 мың баррельге жақындады" деді.
Иранның Мұнай министрі сондай- ақ мұнай жөніндегі жаңа келісімшарттарды орындау жолында банктік қиыншылықтардың жоқ екендігін, осы негіздегі ықтималды кедергілерді жою үшін барынша талпыныстың жасалатынын мәлімдеді.