Теһранда Иран мен Финляндия президенттерінің бірлескен ақпарат отырысы өтті
(last modified Wed, 26 Oct 2016 14:39:58 GMT )
Қаз 26, 2016 20:39 Asia/Almaty
  • Теһранда Иран мен Финляндия президенттерінің бірлескен ақпарат отырысы өтті

Иран мен Финляндия президенттері Теһран мен Хельсинкидің қос жақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделілігін мәлімдеді.

ИИР президенті Хасан Рухани  Теһранда Финляндия президенті Саули Нийнистемен өткізген бірлескен ақпарат отырысында бүгін, сәрсенбі күні екі ел арасында экономика, энергия, коммуникация және ақпараттар технологиясы салаларында қол қойылған құжаттар Теһран мен Хельсинкидің байланыстарын қос жақты, аймақтық және халықаралық айдындарда кеңейтетіндігін мәлімдеп: «Финляндия президентімен бүгінгі келіссөзде Иран мен Еуроодақтың азаматтық құқық, есірткі заттармен күрес, адам құқығы, әсірешілдік және лаңкестікпен әсіресе Ирак, Сирия, Ливия және Йеменде күресу негізіндегі ынтымақтастық жасауына қолдау көрсетілді» деді.

Финлияндия президенті Саули Нийнисте осы бірлескен ақпарат отырысында сөйлеген сөзінде: «Иран мен Финляндия келешекте өз ынтымақтастықтарын кеңейте алады. Шәксіз, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы осы мақсатты жүзеге асыруда жарқын белес бола алатды» деді.

Финлияндия президенті Иранда көптеген мигранттардың, соның ішінде 3 миллионнан астам ауғандық мигранттың өмір сүріп жатқанына сілтеме жасап, Еуроодақ пен Иран арасындағы осы негіздегі ынтымақтастықты зор маңызға ие деп бағалады.

 

 

 

Тегтер