Иранның Жол және қала құрылысы министрі қытайлық компаниялардың төрағаларымен бірлескен отырысқа қатысты
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди «Нақты қаржы модельдерін ұсыну қытайлық компаниялардың Иранның транспорттық жобаларына қатысуын шешеді» деп мәлімдеді.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди Бейжіңде қытайлық компаниялардың төрағалары, басшылары және өкілдерімен бірлескен отырыста: «Иран мен Қытай арасында экономикалық түрлі негіздерде ынтымақтастық үшін жақсы жағдай қалыптасып отыр.
Иран қазір 2 000 шақырым темір жолды 40- 60 пайыз ілгерілеумен орындап жатыр. Әр компания қаржымен қамтамасыз ету негізінде қолайлы және нақты ұсыныс жасаса, өз жобаларын іске асыру туралы Ирандағы құзырлы органдармен келіссөзге кірісе алады» деді.
Қытайға сапар шеккен Иранның Жол және қала құрылысы министрі дүйсенбі күні осы елдің Жол және көлік министрі LI XIAOPENG-мен тасымалдау саласында екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейту туралы сұхбаттасты.