Иранның батыс шекаралары толығымен қауіпсіз
Иранның Байланыс министрі Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсімдері қарсаңында Иран мен Ирактың ортақ шекараларының қауіпсіз екендігін мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иранның Байланыс министрі Махмұд Алави жұма күні Иранның батысындағы Илам облысының Мехран шекарасын аралауы кезінде: "Иранның тәртіп сақтау күштері «Арбағин» ерлігін тудыруда өзекті рөл атқарады. Шекарашылардың талпынысының арқасында шекараларда қауіпсіздік бойынша ешқандай мәселе жоқ" деді.
Алави миллиондаған адамның Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсіміндегі шерулерді қолдап отырғанын айтып: "Бұл теңдессіз қолдау Мехрандағы құрлық шекарасынан өтетін зияратшылардың санының артуына себеп болды» деді.
Иранның СІМ-нің паспорт және виза басқармасының төрағасы Моджтаба Карими жұма күні «Тасним» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Екі миллионнан астам адам тіркелу және басқа да заңды жолдар арқылы Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсіміне қатысу мақсатында виза алды. Қалып қойған визалар да жасалып жатыр" деді.
Осындай жағдайда Ислам революциясы жетекшісінің Ирактағы «Бесат» өкілдігінің басшысы Наджаф Наджафи ИРНА-ға берген сұхбатында: "Ирак халқы Хосейннің қырқы рәсімдерінде зияратшыларды жомарт қарсы алады» деді.
Сафар айының 20-шы жұлдызы (20 қараша 2016) әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет имам Хосейн (ғ.с.) мен адал серіктерінің Кербала даласында шәһид болуының қырқы-«арбағин» рәсімдері өтетін күн. Әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған мұсылмандар осы күнгі рәсімдерге қатысу үшін Кербалаға келеді.